Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сауран аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 66 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26411 болып тіркелген) және "Сауран аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 66 "Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 168 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31533 болып тіркелген) күштері жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
С. Байсбаев |