Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерлерін белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 153 бірлескен қаулысына және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 3 шілдедегі № 4/65-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2623 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шығыс Қазақстан облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерлерін белгілеу туралы";
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шығыс Қазақстан облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерлері осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес белгіленсін.";
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің м.а. | А. Сматлаев |
Д. Рыпаков |
Шығыс Қазақстан облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерлері
№ | Аудан (қала) атауы | Жеке меншік құқығымен немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен болуы мүмкін бір әкімшілік ауданның (қаланың) шегінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері, гектар | |||
Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін | шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн | ||||
барлығы | оның ішінде суармалы | барлығы | оның ішінде суармалы | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Алтай | 3,1 | 2 | 3,1 | 2 |
2 | Глубокое | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 |
3 | Зайсан | 3,4 | 2 | 3,4 | 2 |
4 | Катонқарағай | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 |
5 | Күршім | 3,6 | 2 | 3,6 | 2 |
6 | Самар | 2,5 | 2 | 2,5 | 2 |
7 | Тарбағатай | 6,3 | 2 | 6,3 | 2 |
8 | Ұлан | 1,9 | 1,9 | 1,9 | 1,9 |
9 | Шемонаиха | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 |
10 | Риддер қаласы | 0,8 | 0,8 | 0,8 | 0,8 |
11 | Өскемен қаласы | 1,9 | 1,9 | 1,9 | 1,9 |