Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 28 тамыздағы қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Веселовка ауылдық округінің Веселовка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Веселовка ауылдық округінің Веселовка ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Советская көшесі Қайынды көшесіне;
Пролетарская көшесі Речная көшесіне;
Ленин көшесі Бірлік көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Веселовка ауылдық округінің әкімі | Г. Ксембаев |