Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Зайсан аудандық мәслихатының "Зайсан ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" 2014 жылғы 18 шілдедегі №26-4 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3461 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Е. Загипаров |