Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңының 7-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2023 жылға Алтай ауданында туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесі – болу құнының 5 (бес) пайызы бекітілсін.
2. "Алтай ауданының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген:
1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді Алтай ауданы мәслихатының Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтай ауданының мәслихат төрағасы | Л. Гречушникова |