Алтай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 3/17-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 30 мамырда № 8853-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңының 7-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылға Алтай ауданында туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесі – болу құнының 5 (бес) пайызы бекітілсін.

      2. "Алтай ауданының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген:

      1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді Алтай ауданы мәслихатының Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының мәслихат төрағасы Л. Гречушникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады