Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 12.04.2024 № 15/180-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Катонқарағай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 28/214-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3643 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармақтың 5-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Болаев |