Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 28/214-V "Катонқарағай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 3/37-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 мамырда № 8846-16 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 15/180-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 12.04.2024 № 15/180-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Катонқарағай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 28/214-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3643 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      1-тармақтың 5-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы Б. Болаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады