Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 қазандағы №11/114-VІІ "Катонқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 25115 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының:
4 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.";
6 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады.
Өтініш беруші портал арқылы мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу жөніндегі төлемді тағайындауға өтініш берген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Болаев |