Катонқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 қазандағы № 11/114-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 қарашадағы № 25115 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 04.10.2022 № 21/278-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Катонқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 04.10.2022 № 21/278-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Д. Бралинов

  Катонқарағай
аудандық мәслихатының
2021 жылғы 26 қазандағы
№ 11/114-VII шешіміне 1-қосымша

Катонқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 04.10.2022 № 21/278-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Катонқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай-шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде "Катонқарағай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі.

      4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 26.06.2023 № 5/54-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады.

      Өтініш беруші портал арқылы мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу жөніндегі төлемді тағайындауға өтініш берген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 26.06.2023 № 5/54-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедек балаға ай сайын төрт айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсаған өндіріп алудан бастарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

  Катонқарағай
аудандық мәслихаты
2021 жылғы 26 қазандағы
№ 11/114-VII шешіміне 2- қосымша

Катонқарағай аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп беру туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8/65-VІ (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4850 болып тіркелген) шешімі.

      2. "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп беру туралы" 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8/65-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 15/138-VI (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5389 болып тіркелген) шешімі.

      3. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8/65-VI "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 36/318-VI (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6857 болып тіркелген) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады