"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 369 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8006 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Катонқарағай ауданының әкімі | Д. Қалиқан |