Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Күршім аудандық мәслихатының "Күршім ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2020 жылғы 24 маусымдағы № 50/5-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7329 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | К. Бахтияров |