Күршім ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 50/5-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 шілдеде № 7329 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 14/18-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 14/18-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01 2020 бастап қолданысқа енгізіледі.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Күршім ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Күршім аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 22/9-VI "Күршім ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-14-162 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Кудабаева
      Күршім аудандық мәслихат хатшысы Л. Кемешева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады