Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Батыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3819 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Турегалиев |