"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, халықтың пікірі ескеріле отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Новопавловка ауылдық округі – Құмақсай ауылдық округіне;
Новопавловка ауылдық округінің Новопавловка ауылы – Құмақсай ауылына қайта аталсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н.Төреғалиев |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихат төрағасы | М.Мұқаев |