Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Новопавловка ауылдық округі мен Новопавловка ауылын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 123 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3-3 бірлескен қаулысы мен шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 маусымда № 7181-07 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, халықтың пікірі ескеріле отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Новопавловка ауылдық округі – Құмақсай ауылдық округіне;

      Новопавловка ауылдық округінің Новопавловка ауылы – Құмақсай ауылына қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиев
      Батыс Қазақстан облыстық мәслихат төрағасы М.Мұқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады