Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 01 маусымдағы №122 "Батыс Қазақстан облысының республикалық маңызы бар индустриялық аймағын құру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6264 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Батыс Қазақстан облысының "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы" республикалық маңызы бар индустриялық аймағын құру туралы";
көрсетілген қаулымен бекітілген Батыс Қазақстан облысының республикалық маңызы бар индустриялық аймағы туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н.Турегалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 213 қаулысына қосымша |
|
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 122 қаулысына қосымша |
БатысҚазақстаноблысының "Еуразия" трансшекаралықсаудаорталығы" республикалықмаңызы бариндустриялықаймағытуралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Батыс Қазақстан облысының "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы" республикалық маңызы бар индустриялық аймағы туралы осы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың мақсаттарын, міндеттерін және жұмыс істеуін айқындайды.
2. Батыс Қазақстан облысының "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы" республикалық маңызы бар индустриялық аймағындағы қызмет Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) индустриялық аймақ – жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәсіпкерлік қызмет, оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару саласындағы қызмет объектілерін орналастыру және пайдалану үшін берілетін, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ;
2) республикалық маңызы бар индустриялық аймақ – республикалық бюджеттен толық не ішінара қаржыландырылуын жүзеге асыру болжанған жағдайдағы индустриялық аймақ; немесе Заңның 24-бабына сәйкес арнайы экономикалық аймақ таратылғаннан кейін мәртебе алған индустриялық аймақ;
3) индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы – индустриялық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін осы Заңға сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;
4) индустриялық аймақтың қатысушысы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен индустриялық аймақтың аумағында кәсіпкерлік қызмет объектілерін орналастыруды және пайдалануды жүзеге асыратын, олармен индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасқан дара кәсіпкер, заңды тұлға;
5) инфрақұрылым объектілері – арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың жылу және электр энергиясын өндіру және (немесе) беру, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау, кәріз, көлік коммуникациялары, көрсетілетін байланыс қызметтері объектілерінің және өзге де объектілердің құрамына кіретін объектілер;
6) уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
2-тарау. "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы" республикалық маңызы бар Батыс Қазақстан облысының индустриялық аймағының мақсаты мен міндеттері
4. Батыс Қазақстан облысының "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы" республикалық маңызы бар индустриялық аймағы өңірде кәсіпкерлікті дамытуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
5. Батыс Қазақстан облысының "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы" республикалық маңызы бар индустриялық аймағының негізгі міндеттері:
1) сауда-сараптама қызметінің және Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру мүдделерін қамтамасыз ететін тиімді көлік-логистикалық және индустриялық орталық құру;
2) қазақстандық өнімді өндіру және өткізудің жалпы әлемдік жүйесіне интеграциялауды, халықаралық стандарттарға сәйкес инновациялық бәсекеге қабілетті отандық өнім құруды жүзеге асыруға;
3) қолайлы инвестициялық ахуал құру және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту;
4) өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару саласындағы жеке кәсіпкерлікті жеделдетіп дамытуға жәрдемдесу;
5) жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;
6) өндірістің тиімділігін арттыру;
7) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
3-тарау. Батыс Қазақстан облысының "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы" республикалық маңызы бар индустриялық аймағын басқару және оның жұмыс істеуі
6. Батыс Қазақстан облысының "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы" республикалық маңызы бар индустриялық аймағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерінде кемінде жиырма жыл мерзімге құрылады.
7. Батыс Қазақстан облысының "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы" республикалық маңызы бар индустриялық аймағы аумағының шекараларын және (немесе) алаңын құруды, таратуды және өзгертуді уәкілетті органмен келісім бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
8. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген Батыс Қазақстан облысының "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы" республикалық маңызы бар индустриялық аймағының жұмыс істеу мерзімі жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
9. Батыс Қазақстан облысының "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы" республикалық маңызы бар индустриялық аймағының қызметі басқарушы компания үш жылдық кезеңге бекітетін индустриялық аймақтың даму стратегиясына, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган бекітетін оның инфрақұрылымын дамыту жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Батыс Қазақстан облысының "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы" республикалық маңызы бар индустриялық аймағындағы қатысушының (қатысушылардың) қызметі индустриялық аймақтың қатысушысы немесе бірнеше қатысушысы мен индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, индустриялық аймақтың аумағында және (немесе) олардың құқықтық режимінде қызметті жүзеге асыру шарттарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
11. Батыс Қазақстан облысының "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы" республикалық маңызы бар индустриялық аймағының басқарушы компаниясын жергілікті атқарушы орган айқындайды.
12. Батыс Қазақстан облысының "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы" республикалық маңызы бар индустриялық аймағының аумағында "бір терезе" қағидаты бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының және республикалық маңызы бар индустриялық аймақтарға қатысушылар үшін қызметтер көрсететін өзге де ұйымдардың жұмыс істеуі бойынша қызметтер көрсетіледі.
13. Батыс Қазақстан облысының "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы" республикалық маңызы бар индустриялық аймағы қызметінің тиімділігін бағалау Заңға сәйкес уәкілетті орган бекітетін Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
14. Батыс Қазақстан облысының "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы" республикалық маңызы бар индустриялық аймағын басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
15. Батыс Қазақстан облысының "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы" республикалық маңызы бар индустриялық аймағының осы Ережемен реттелмеген қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.