Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласының аумағында жергiлiктi қоғамдастық бөлек жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидаларын бекiту туралы" 2014 жылғы 27 ақпандағы № 20-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3472 болып тіркелген);
2) Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасын бекiту туралы" Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы № 20-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 22-10 шешімі.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихатының төрағасы | Е. Калиев |