Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бөрлі ауданы әкімдігінің "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Бөрлі ауданының атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 12 наурыздағы № 6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5104 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бөрлі ауданының әкімі | Е. Ихсанов |