Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 16 қазандағы №7-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7268-07 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7- тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) ауруын дәлелдейтін медициналық мекеменің анықтамаға сәйкес емделудің амбулаторлық кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | К. Ермекбаев |