Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қазандағы № 7-2 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 9-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 7320-07 болып тіркелді

      Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 16 қазандағы №7-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7268-07 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7- тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) ауруын дәлелдейтін медициналық мекеменің анықтамаға сәйкес емделудің амбулаторлық кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К. Ермекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады