Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы № 8-1 "Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 12-14 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 7312-07 болып тіркелді

      Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының  "Бөкей одасы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 23 қазандағы № 8-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7276-07 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 2-тараудың 7- тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) ауруын дәлелдейтін анықтамаға сәйкес емделудің амбулаторлық кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      мәслихат төрағасы Л. Кайргалиева

О внесении изменения в решение Бокейординского районного маслихата от 23 октября 2023 года № 8-1 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Бокейординского района"

Решение Бокейординского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 27 декабря 2023 года № 12-14. Зарегистрирован в Департаменте юстиции Западно-Казахстанской области 28 декабря 2023 года № 7312-07

      Бокейординский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Бокейординского районного маслихата от 23 октября 2023 года № 8-1 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Бокейординского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7276-07) следующее изменение:

      в приложении к указанному решению подпункт 1) пункта 7 главы 2 изложить в новой редакции:

      "1) лицам больным туберкулезом, находящимся на амбулаторном этапе лечения, согласно справки, подтверждающей заболевание, без учета доходов, в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей, ежемесячно;".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      председатель маслихата Л. Кайргалиева