Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жаңақала ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Жаңақала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы №68 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5132 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақала ауданының әкімі | Д. Закарин |