Жаңақала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 68 "Жаңақала ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күшін жою деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 121 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 сәуірде № 7141-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жаңақала ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Жаңақала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы №68 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5132 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақала ауданының әкімі Д. Закарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады