Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақала аудандық мәслихатының "Жаңақала ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 5 мамырдағы № 5-11 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7163-07 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | К. Каменов |