Бәйтерек ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 719 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 желтоқсанда № 7292-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Автомобиль көлігі туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) сәйкес Бәйтерек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бәйтерек ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау қағидалары бекітілсін.

      2. Бәйтерек ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемалары 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      3. Зеленов ауданы әкімдігінің "Зеленов ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 3 маусымдағы № 425 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4457 болып тіркелген) және Бәйтерек ауданы әкімдігінің "Зеленов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 425 "Зеленов ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 4 ақпандағы № 115 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5529 болып тіркелген) күші жойылсын.

      4. Ауылдық округ әкімдері, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Галиевке жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі М. Токжанов

  2023 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 719
қаулысымен бекітілген

Бәйтерек ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Бәйтерек ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелді) (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес әзірленген және Бәйтерек ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібін айқындайды.

      2. Балаларды тасымалдау тәртібі

      2. Балаларды тасымалдау үшін бөлінген автобустардың техникалық жай-күйі, техникалық қызмет көрсету өткізудің көлемдері мен мерзімдері, жабдықтары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының және "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23 - 10) - тармақшасының талаптарына сәйкес жауап беруі тиіс.

      Жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындар он алтыдан астам болатын автобустармен жолаушылар тасымалдауға жиырма бес жасқа толған, кемінде бес жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде үш жыл "D1" кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар, соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған жүргізушілер жіберіледі.

      Тегін автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердiң жалпы саны осы көлiк құралы үшiн белгiленген және отыру үшiн жабдықталған орындардың санынан аспайды.

      Екi және одан көп автобус колонналарына жол жүрісі қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган көздеген тәртiппен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның арнаулы автомобильдерi iлесiп жүруге тиiс.

      Балаларды тасымалдауды жүзеге асыруға автобустарды дайындау бұйрықтың 12- тарауының 3 - параграфына сәйкес жүргізіледі.

      Балаларды тасымалдауға бөлiнген автобустарда орындықтардың орналасуы жол жүрген кезде оларды алып жүретiн ересектерге өздерiнiң орындарынан балалардың мiнез-құлқын бақылауға мүмкiндiк беруi тиiс.

      3. Оқу орындарында тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы жергілікті атқарушы органдармен және оқу орындарының әкімшілігімен бірлесіп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсірудің ұтымды орындарын белгілейді.

      4. Автобусты күтіп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүріс бөлігіне шығуын болдырмайтындай жеткілікті үлкен болуы тиіс.

      Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерінен бөлек орналасуы тиіс.

      Балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.

      Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.

      5. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.

      6. Балалар топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) рұқсат етілмейді.

      Тасымалдау қауіпсіздігіне қатер төндіретін жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруі кезінде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейсті алып тастауға және бұл туралы ұйымдастырушыға дереу хабарлауы керек.

      7. Автобустардың қозғалыс кестесін тасымалдаушы мен ұйымдастырушы келіседі.

      Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруі кезінде, басқа жағдайлар кезінде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергілердің көрінуі, бұл жағдайда жүргізуші кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетіледі. Кестенің өзгеруі туралы тасымалдаушы ұйымдастырушыға хабарлайды, ол балаларды дер кезінде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.

      8. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезінде тасымалдаушы тапсырыс берушімен бірлесіп балалардың жиналу пунктінде және келу пунктінде автобустардың аялдауы үшін алаңшалардың болуын, отырғызу алаңшаларының болуын тексереді. Отырғызу және түсіру орындары автобус тұрағынан кемінде 30 метр қашықтықта орналасады.

      9. Тәулiктiң жарық мезгiлiнде балаларды автобуспен тасымалдау фаралардың жақын қосылған жарығымен жүзеге асырылады.

      10. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бір ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкін.

      11. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауларына жеті жастан кіші емес балалар рұқсат етіледі.

      Жеті жасқа толмаған балалар білім беру мекемесі жұмысшыларының, сондай-ақ ата-анасымен және оларды ауыстыратын адамдармен жеке алып жүруі кезінде ғана жол жүруге рұқсат етілуі мүмкін.

      12. Автобустарда жол жүруге мынадай балаларға және ересек ерiп жүрушiлерге рұқсат етiлмейдi:

      1) қауiпсiздiк шараларын бұзуға әкеп соғатын, толқыған жай-күйiнде;

      2) алкоголь, есiрткi, психотропты және улағыш заттардың әсерi болғанда.

      13. Балаларды тасымалдау кезінде автобустың жүргізушісіне мыналар рұқсат етілмейді:

      1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;

      2) жүру маршрутын өзгертуге;

      3) балалар бар автобус салонында қол жүгі мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүкті, багажды немесе құрал жабдықтарды тасымалдауға;

      4) автобуста балалар болған кезінде, соның ішінде балаларды отырғызу және түсіру кезінде автобус салонынан шығуға;

      5) автомобиль легінде жүру кезінде алда жүрген автобусты басып озуға;

      6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға; 7)  егер ол көлік құралының өздігінен қозғалуын немесе оны жүргізуші жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлік құралын қалдыруға.

      14. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiгi болады және "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген, "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 25-қосымшаның 1-тармағына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 22066 болып тіркелген) сәйкес келеді, сондай-ақ мыналармен:

      1) автобустың алдында және артында орнатылатын "Балаларды тасымалдау" деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;

      2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;

      3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);

      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы" № 368 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9649 болып тіркелген) автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);

      5) екi жылжуға қарсы тiректермен;

      6) авариялық тоқтау белгiсiмен;

      7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен жабдықталады.

      15. Автокөлік құралдарының салондарына (кабиналарына) арналған әрлеу материалдары механикалық әсерлерге, жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалдардан жасалады.

  қаулысына 1 - қосымша

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жаңатаң ауылынан балаларды тасымалдау схемасы

     


  қаулысына 2 – қосымша

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Махамбет "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Горбуново ауылынан балаларды тасымалдау схемасы

     


  қаулысына 3 - қосымша

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Зеленое, Октябрьское ауылынан, Октябрьское ауылы, Детдом көшесінен балаларды тасымалдау схемасы

     


  қаулысына 4 – қосымша

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Қасым Ахмиров атындағы "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Астафьево, Сырым Батыр, Чапурино, Павлово ауылдарынан балаларды тасымалдау схемасы

     


  қаулысына 5 - қосымша

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Талғат Бигелдинов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Скворкино, Богатск ауылдарынан балаларды тасымалдау схемасы

     


  қаулысына 6 – қосымша

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Чувашка жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Красный Урал ауылынан балаларды тасымалдау схемасы

     


  қаулысына 7 - қосымша

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Чеботарев "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Аманат ауылынан балаларды тасымалдау схемасы

     


  қаулысына 8 - қосымша

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Чиров негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Балабаново ауылынан балаларды тасымалдау схемасы

     


  қаулысына 9 - қосымша

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Мичурин "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Көпір маңынан, Зеленое ауылынан балаларды тасымалдау схемасы

     


  қаулысына 10 - қосымша

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Трекин №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жайық ауылынан балаларды тасымалдау схемасы

     


  қаулысына 11 - қосымша

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Белес "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ақжол ауылынан балаларды тасымалдау схемасы

     


  қаулысына 12 - қосымша

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Көшім "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ақсу, Кіші Шаған ауылдарынан балаларды тасымалдау схемасы

     


  қаулысына 13 - қосымша

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Макаров жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Садовое, Жалын, Мирное, Ведрух ауылдарынан балаларды тасымалдау схемасы

     


  қаулысына 14 - қосымша

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жайық, Факел, Хуторок ауылдарынан балаларды тасымалдау схемасы

     


  қаулысына 15 - қосымша

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мұнайшы шағын ауданынан, Полевное, Переметный ауылының аймағынан балаларды тасымалдау схемасы

     


  қаулысына 16 - қосымша

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Январцев "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Кирсаново, Красноармейск, Спартак, Чинарево, Петрово ауылдарынан балаларды тасымалдау схемасы

     


Об утверждении схем и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района Бәйтерек

Постановление акимата района Бәйтерек Западно-Казахстанской области от 8 декабря 2023 года № 719. Зарегистрирован в Департаменте юстиции Западно-Казахстанской области 12 декабря 2023 года № 7292-07

      В соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и "Об автомобильном транспорте", приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11550) акимат района Бәйтерек ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Правила перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района Бәйтерек.

      2. Утвердить схемы перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района Бәйтерек согласно приложениям 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16.

      3. Признать утратившим силу постановление акимата Зеленовского района от 3 июня 2016 года № 425 "Об утверждении схем и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Зеленовского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4457) и постановление акимата района Бәйтерек от 4 февраля 2019 года № 115 "О внесении изменении в постановление акимата Зеленовского района от 3 июня 2016 года № 425 "Об утверждении схем и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Зеленовского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5529).

      4. Акимам сельских округов, государственному учреждению "Отдел образования района Бәйтерек управления образования акимата Западно-Казахстанской области" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Галиева Е.

      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Бәйтерек Западно-Казахстанской области М. Токжанов

  от 8 декабря 2023 года
№ 719
Утверждено постановлением

Правила перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района Бәйтерек

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района Бәйтерек (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об автомобильном транспорте" и приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11550) (далее - Приказ) и определяет порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района Бәйтерек.

      2. Порядок перевозок детей

      2. Техническое состояние, объемы и сроки проведения технического обслуживания, оборудование автобусов, выделяемых для перевозки детей, должны отвечать требованиям Правил технической эксплуатации автотранспортных средств, утвержденных приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 547, согласно подпункта 23-10) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте".

      К перевозкам пассажиров автобусами, имеющими более шестнадцати сидячих мест, помимо сиденья водителя, допускаются водители, достигшие двадцатипятилетнего возраста, имеющие стаж работы водителем не менее пяти лет, в том числе стаж управления транспортными средствами, относящимися к подкатегории "D1", не менее трех лет и не имевшие в течение последнего года грубых нарушений трудовой дисциплины и Правил дорожного движения.

      Общее количество детей и взрослых, перевозимых бесплатным автобусом, не превышает количество мест, оборудованных для сидения и установленных для данного транспортного средства.

      Колонны из двух и более автобусов должны сопровождаться специальными автомобилями уполномоченного органа по обеспечению безопасности дорожного движения в порядке, предусмотренном уполномоченным органом в области безопасности дорожного движения.

      Подготовка автобусов к осуществлению перевозок детей проводится в соответствии с параграфом 3 Главы 12 Приказа.

      Расположение сидений автобусов, выделяемых для перевозки детей, должно позволять взрослым сопровождающим со своих мест осуществлять контроль за поведением детей во время движения.

      3. При организации перевозок в учебные заведения перевозчик совместно с местными исполнительными органами и администрацией учебных заведений, определяют маршруты и рациональные места посадки и высадки детей.

      4. Площадки, отводимые для ожидающих автобус детей, должны быть достаточно большими, чтобы не допускать выхода детей на проезжую часть.

      Площадки имеют благоустроенные подходы и располагаются отдельно от остановочных пунктов маршрутов регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа.

      Если перевозки детей осуществляются в темное время суток, то площадки должны иметь искусственное освещение.

      В осенне-зимний период времени площадки должны очищаться от снега, льда, грязи.

      5. Заказчик перевозок детей в учебные заведения регулярно (не реже одного раза в месяц) проверяет состояние мест посадки и высадки детей.

      6. Перевозка групп детей автобусами в период с 22.00 до 06.00 часов, а также в условиях недостаточной видимости (туман, снегопад, дождь и другие) не разрешается.

      При неблагоприятных изменениях дорожных или метеорологических условий, создающих угрозу безопасности перевозок, в случаях, предусмотренных действующими нормативными документами о временном прекращении движения автобусов, перевозчик отменяет рейс и немедленно проинформирует об этом заказчика.

      7. Расписание движения автобусов согласовывается перевозчиком и заказчиком.

      При неблагоприятных изменениях дорожных условий, при иных обстоятельствах (ограничение движения, появление временных препятствий, при которых водитель не может ехать в соответствии с расписанием не повышая скорости), расписание корректируется в сторону снижения скорости (увеличения времени движения). Об изменении расписания перевозчик оповещает заказчика, который принимает меры по своевременному оповещению детей.

      8. При подготовке к массовым перевозкам детей и перевозке детей на дальние расстояния перевозчик совместно с заказчиком проверяет наличие площадки для стоянки автобусов в пункте сбора детей и в пункте прибытия, наличие посадочной площадки. Места посадки и высадки располагаются на расстоянии не менее 30 метров от места стоянки автобуса.

      9. Перевозка детей автобусом в светлое время суток осуществляется с включенным ближним светом фар.

      10. Массовые перевозки организованных групп детей и перевозки организованных групп детей на дальние расстояния выполняются перевозчиком только при условии сопровождения детей преподавателями или специально назначенными взрослыми (один взрослый не более чем на 15 детей).

      11. К перевозкам организованных групп детей допускаются дети не младше семи лет.

      Дети, не достигшие семилетнего возраста, могут быть допущены к поездке только при индивидуальном сопровождении работниками учреждения образования, а также родителями и лицами, их заменяющими.

      12. К поездке на автобусах не допускаются дети и взрослые сопровождающие:

      1) в возбужденном состоянии, которое приводит к нарушению мер безопасности;

      2) находящиеся под воздействием алкоголя, наркотических, психотропных и токсических веществ.

      13. Водителю автобуса при перевозке детей не разрешается:

      1) следовать со скоростью более 60 километров в час;

      2) изменять маршрут следования;

      3) перевозить в салоне автобуса, в котором находятся дети, любой груз, багаж или инвентарь, кроме ручной клади и личных вещей детей;

      4) выходить из салона автобуса при наличии детей в автобусе, в том числе при посадке и высадке детей;

      5) при следовании в автомобильной колонне производить обгон впереди идущего автобуса;

      6) осуществлять движение автобуса задним ходом;

      7) покидать свое место или оставлять транспортное средство, если им не приняты меры, исключающие самопроизвольное движение транспортного средства или использование его в отсутствие водителя.

      14. Автобусы, предназначенные для перевозки детей имеют не менее двух дверей и соответствуют пункту 1 приложения 25 к Санитарным правилам "Санитарно-эпидемиологические требования к транспортным средствам для перевозки пассажиров и грузов", утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 января 2021 года № ҚР ДСМ-5 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к транспортным средствам для перевозки пассажиров и грузов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22066), а также оборудуются:

      1) квадратными опознавательными знаками "Перевозка детей", которые устанавливаются спереди и сзади автобуса;

      2) проблесковым маячком желтого цвета;

      3) двумя легкосъемными огнетушителями емкостью не менее двух литров каждый (один – в кабине водителя, другой – в пассажирском салоне автобуса);

      4) двумя аптечками первой помощи (автомобильными) с лекарственными средствами и изделиями медицинского назначения согласно перечню лекарственных средств и изделий медицинского назначения автомобильных аптечек первой медицинской помощи, утвержденного приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 368 "Об утверждении перечня лекарственных средств и изделий медицинского назначения автомобильных аптечек первой медицинской помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9649);

      5) двумя противооткатными упорами;

      6) знаком аварийной остановки;

      7) при следовании в колонне – информационной табличкой, с указанием места автобуса в колонне, которая устанавливается на лобовом стекле автобуса справа по ходу движения.

      15. Отделочные материалы для салонов (кабин) автотранспортных средств изготавливаются из материалов, стойких к механическим воздействиям, воздействию моющих и дезинфицирующих средств.

  Приложение 1
к постановлению

Схема перевозки детей, проживающих в селе Жанатан до Коммунального государственного учреждения "Средняя общеобразовательная школа имени Бауыржан Момышулы отдела образования района Бәйтерек" управления образования акимата Западно-Казахстанской области"

     


  Приложение 2
к постановлению

Схема перевозки детей, проживающих в селе Горбуново до Коммунального государственного учреждения "Комплекс "школа-ясли-детский сад" Махамбет" отдела образования района Бәйтерек управления образования акимата Западно-Казахстанской области"

     


  Приложение 3
к постановлению

Схема перевозки детей, проживающих в селах Зеленое, Октябрьское, села Октябрьское, улицы Детдом до Коммунального государственного учреждения "Средняя общеобразовательная школа Жамбыл" отдела образования района Бәйтерек управления образования акимата Западно-Казахстанской области"

     


  Приложение 4
к постановлению

Схема перевозки детей, проживающих в селах Астафьево, Сырым Батыр, Чапурино, Павлово до Коммунального государственного учреждения "Комплекс "школа-ясли-детский сад" имени Касыма Ахмирова" отдела образования района Бәйтерек управления образования акимата Западно-Казахстанской области"

     


  Приложение 5
к постановлению

Схема перевозки детей, проживающих в селах Скворкино, Богатск до Коммунального государственного учреждения Коммунальное государственное учреждение "Средняя общеобразовательная школа имени Талгата Бигелдинова" отдела образования района Бәйтерек управления образования акимата Западно-Казахстанской области"

     


  Приложение 6
к постановлению

Схема перевозки детей, проживающих в селе Красный Урал до Коммунального государственного учреждения "Чувашинская общеобразовательная школа" отдела образования района Бәйтерек управления образования акимата Западно-Казахстанской области"

     


  Приложение 7
к постановлению

Схема перевозки детей, проживающих в селе Аманат до Коммунального государственного учреждения Коммунальное государственное учреждение "Чеботаревский комплекс "школа-ясли-детский сад" отдела образования района Бәйтерек управления образования акимата Западно-Казахстанской области"

     


  Приложение 8
к постановлению

Схема перевозки детей, проживающих в селе Балабаново до Коммунального государственного учреждения "Чировская основная средняя школа" отдела образования района Бәйтерек управления образования акимата Западно-Казахстанской области"

     


  Приложение 9
к постановлению

Схема перевозки детей, проживающих в селах Зеленое и с окраин моста до Коммунального государственного учреждения "Мичуринский комплекс "школа-ясли-детский сад" отдела образования района Бәйтерек управления образования акимата Западно-Казахстанской области"

     


  Приложение 10
к постановлению

Схема перевозки детей, проживающих в селе Жайык до Коммунального государственного учреждения "Трекинская общеобразовательная школа №1" отдела образования района Бәйтерек управления образования акимата Западно-Казахстанской области"

     


  Приложение 11
к постановлению

Схема перевозки детей, проживающих в селе Акжол до Коммунального государственного учреждения "Комплекс "школа-ясли-детский сад" Белес" отдела образования района Бәйтерек управления образования акимата Западно-Казахстанской области"

     


  Приложение 12
к постановлению

Схема перевозки детей, проживающих в селах Аксу, Малый Чаган до Коммунального государственного учреждения "Кушумский комплекс "школа-ясли-детский сад"" отдела образования района Бәйтерек управления образования акимата Западно-Казахстанской области"

     


  Приложение 13
к постановлению

Схема перевозки детей, проживающих в селах Садовое, Жалын, Мирное, Ведрух до Коммунального государственного учреждения "Макаровская общеобразовательная школа" отдела образования района Бәйтерек управления образования акимата Западно-Казахстанской области"

     


  Приложение 14
к постановлению

Схема перевозки детей, проживающих в селе Жайык, Хуторок, Факел до Коммунального государственного учреждения "Казахская средняя общеобразовательная школа имени Кадыра Мырза Али" отдела образования района Бәйтерек управления образования акимата Западно-Казахстанской области"

     


  Приложение 15
к постановлению

Схема перевозки детей, проживающих из микрорайона Мунайшы и с окраин села Переметное, Полевное до Коммунального государственного учреждения "Общеобразовательная школа имени Касыма Аманжолова" отдела образования района Бәйтерек управления образования акимата Западно-Казахстанской области"

     


  Приложение 16
к постановлению

Схема перевозки детей, проживающих в селах Кирсаново, Красноармейское Спартак, Чинарево, Петрово до Коммунального государственного учреждения "Январцевский комплекс "школа-ясли-детский сад" отдела образования района Бәйтерек управления образования акимата Западно-Казахстанской области"