Бәйтерек ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшерін ұлғайту, автожанармай құю станциялары, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлерге базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекенді айқындау туралы

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 10-35 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 желтоқсанда № 7296-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Бәйтерек ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшері автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай ұлғайтылсын.

      2. Автожанармай құю станциялары, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлерге базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекен Мичурин, Асан (Мичурин ауылдық округі), Махамбет (Махамбет ауылдық округі), Бейбітшілік (Бейбітшілік ауылдық округі), Садовое (Макаров ауылдық округі), Байқоныс (Байқоныс ауылдық округі), Щапов (Щапов ауылдық округі), Көшім (Көшім ауылдық округі), Январцево (Январцев ауылдық округі) ауылдары болып айқындалсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Н. Хайруллин

  2023 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 10-35 шешіміне қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары және санаттарына қарай автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтың базалық ставкалары

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген ауылдағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері, теңге

Базалық салық мөлшерлемелерінің ұлғайтылуы

1.

Автотұрақтар (паркингтер) ашық түрдегі

1 санаты

0,48

бес есе

2.

Автотұрақтар (паркингтер) жабық түрдегі

2 санаты

0,48

бес есе


Об установлении категории автостоянок (паркингов), увеличений размеров базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги), определении близлежащего населенного пункта, базовые ставки на земли которого будут применяться при исчислении налога на земли других категорий, выделенные под автостоянки (паркинги), автозаправочные станции по району Бәйтерек

Решение маслихата района Бәйтерек Западно-Казахстанской области от 21 декабря 2023 года № 10-35. Зарегистрирован в Департаменте юстиции Западно-Казахстанской области 22 декабря 2023 года № 7296-07

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" маслихат района Бәйтерек РЕШИЛ:

      1. Установить категории автостоянок (паркингов) и увеличить размеры базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в зависимости от категории автостоянки (паркингов) по району Бәйтерек, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Определить села Мичуринское, Асан (Мичуринский сельский округ), Махамбет (сельский округ Махамбет), Бейбітшілік (сельский округ Бейбітшілік), Садовое (Макаровский сельский округ), Байқоныс (сельский округ Байқоныс), Щапово (Щаповский сельский округ), Кушум (Кушумский сельский округ), Январцевское (Январцевский сельский округ) близлежащими населенными пунктами, базовые ставки на земли которого будут применяться при исчислении налога на земли других категорий, выделенные под автостоянки (паркинги), автозаправочные станции.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Н. Хайруллин

  Приложение к решению
от 21 декабря 2023 года № 10-35

Категория автостоянок (паркингов), увеличения размеров базовых ставок на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)

Типы автостоянок (паркингов)

Категории автостоянок (паркингов)

Базовые ставки на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в селе, тенге

Увеличение базовых ставок

1.

Автостоянки (паркинги) открытого типа

1 категория

0,48

в пять раз

2.

Автостоянки (паркинги) закрытого типа

2 категория

0,48

в пять раз