Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Бәйтерек ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшері автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай ұлғайтылсын.
2. Автожанармай құю станциялары, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлерге базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекен Мичурин, Асан (Мичурин ауылдық округі), Махамбет (Махамбет ауылдық округі), Бейбітшілік (Бейбітшілік ауылдық округі), Садовое (Макаров ауылдық округі), Байқоныс (Байқоныс ауылдық округі), Щапов (Щапов ауылдық округі), Көшім (Көшім ауылдық округі), Январцево (Январцев ауылдық округі) ауылдары болып айқындалсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Н. Хайруллин |
2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 10-35 шешіміне қосымша |
Автотұрақтар (паркингтер) санаттары және санаттарына қарай автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтың базалық ставкалары
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары | Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген ауылдағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері, теңге | Базалық салық мөлшерлемелерінің ұлғайтылуы |
1. | Автотұрақтар (паркингтер) ашық түрдегі | 1 санаты | 0,48 | бес есе |
2. | Автотұрақтар (паркингтер) жабық түрдегі | 2 санаты | 0,48 | бес есе |