Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының "Казталов ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасын бекiту туралы" 2014 жылғы 12 наурыздағы № 21-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3467 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | С. Мулдашев |