Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 31 қазандағы № 12-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіміне № 7280-07 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес амбулаторлық емделу кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Ж. Бисенгалиева |