Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 31 қазандағы № 12-1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 15-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 желтоқсанда № 7295-07 болып тіркелді

      Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 31 қазандағы № 12-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіміне № 7280-07 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес амбулаторлық емделу кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Ж. Бисенгалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады