Қазақстан Республикасының кезекші анықтамалық картасын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 6/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 10 қаңтарда № 33895 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 213-16) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кезекші анықтамалық картасын жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2024 жылғы 8 қаңтардағы
№ 6/НҚ
Бұйрықпен бекітілген

Қазақстан Республикасының кезекші анықтамалық картасын жүргізу жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының кезекші анықтамалық картасын жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 213-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және кезекші анықтамалық картаны ондағы өзгерістерді көрсетумен жүргізу тәртібін айқындайды:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы, облыстар, аудандар мен ауылдық округтардың шекаралары бойынша;

      2) елді мекендер бойынша, олардың атауларын қоса алғанда;

      3) географиялық объектілер және олардың атаулары бойынша.

      2. Кезекші анықтамалық картаны жүргізу басылымның соңғы жылындағы масштабы 1:100 000 топографиялық картаның номенклатуралық парақтары негізінде жүзеге асырылады. Картаның әрбір парағындағы кезекшілік осы парақтың басылымдары арасындағы кезеңге арналып, мына мақсаттарда іске асырылады:

      1) басып шығарылатын карталарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының халықаралық шарттарға және мемлекеттік шекараны демаркациялау және қайта демаркациялау материалдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінуінің шекарасы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бейнеленуінің дұрыстығын қамтамасыз ету;

      2) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік кәсіпорнымен шығарылатын карталарда, әкімшілік-аумақтық қайта құрулар мен жаңа құрылыс объектілердін уақтылы көрсетілуін;

      3) географиялық объектілердің өзгеруі туралы ақпаратты жинақтау және талдау;

      4) Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографиялық қызметтің субъектілерін, ғылыми, жобалау, әкімшілік, шаруашылық, оқу мекемелері мен ұйымдарын ақпаратпен қамтамасыз ету.

      3. Кезекші анықтамалық картаны жүргізу Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша жүзеге асырылады.

      4. Осы Нұсқаулықта келесі ұғымдар қолданылады:

      1) кезекші анықтамалық картаны жүргізу – кезекші анықтамалық картаға жинау, құжаттау, өңдеу, есепке алу, оны салу, оның формулярын толтыру, кезекші анықтамалық картаның дерекқорына енгізу және негізгі географиялық объектілердің және жергілікті жердің өзге де объектілерінің өзгерістері, олардың атаулары мен сипаттамалары, сондай-ақ осы картадан ақпарат беру;

      2) демаркациялық құжаттар – мемлекеттік шекараның демаркациялық картасы, мемлекеттік шекара сызықтарының өтуін сипаттау, шекаралық белгілердің хаттамалары, геодезиялық желі схемасы бар шекаралық белгілердің координаттар каталогы;

      3) делимитация жөніндегі құжаттар – мемлекеттік шекараның делимитациялық картасы, мемлекеттік шекара сызықтарының өтуін сипаттау;

      4) парақ-құжат – Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының бірінші басшыларының бұрыштама қолдарымен және мөрлерімен бекітілген, әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларының графикалық сызбасы жазылған масштабы 1:100 000 топографиялық карта;

      5) номенклатуралық парақ – қабылданған сызу жүйесінде белгілі бір масштабтағы топографиялық картаның жеке парағы;

      6) кезекші анықтамалық картаның формуляры – кезекші анықтамалық картаның номенклатуралық парағына енгізілетін түзетулердің мәні бойынша мәліметтерді енгізуге арналған құжат (бұдан әрі – формуляр);

      7) бояумен кескіндеу – көлеңкелерді қолдану арқылы рельефтің пластикалық жартылай реңді бейнесі. Автоматты бояумен кескіндеу растрлық жартылай реңді кескін түріндегі цифрлық рельеф үлгілері негізінде орындалады;

      8) фарватер – навигациялық қоршау құралдары арқылы (буялар, қадалар, екі жарма белгілері) көрсетілетін кедергілер арасында (аралдар, қайрандар арасында) кемелердің қауіпсіз жүзуіне арналған жол;

      Барлық басқа терминдер мен олардың анықтамалары "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мағынада пайдаланылады.

2-тарау. Кезекші анықтамалық картаны жүргізу тәртібі

      5. Кезекші анықтамалық картаны жүргізу келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) әкімшілік-аумақтық құрылысындағы және географиялық объектілердегі өзгерістерді көрсететін орталық және жергілікті атқарушы органдардың ресми анықтамалық деректерін, геодезиялық және картографиялық материалдарын тұрақты негізде жинау және жүйелеу;

      2) кезекшілікке жататын әкімшілік-аумақтық құрылым мен географиялық объектілерді көрсетуге кезекші анықтамалық картаға өзгерістерді енгізу;

      3) кезекші анықтамалық картаның парақтарына формуляр жүргізу;

      4) географиялық объектілер және олардың атаулары бойынша өзгерістер енгізілген жағдайда географиялық атаулар каталогына өзгерістер енгізу;

      5) басылымға дайындалған географиялық атаулардың каталогтарына, кезекші материалдармен келісу үшін елді мекендердің тізімдеріне талдау жүргізу және елді мекендердің атауларының әртүрлі оқылуын және қалып кетуді болдырмау;

      6) 1:100 000 масштабты карталарда әкімшілік шекаралардың сызбаларын растайтын және көшірмелерін Ұлттық кеңістіктік деректер қорына (бұдан әрі –ҰКДҚ) жіберетін құжат-парақтарды ресімдеу;

      7) кезекші анықтамалық картаның парақтарын басылым бойынша жаңасымен ауыстыруды жүзеге асыру және оның көшірмесін ҰКДҚ-ға жіберу;

      8) әкімшілік және географиялық объектілердің кезекшілік элементтерінің ҰҚДҚ-ға келіп түсуіне және ұсынылуына қарай өзгеруіне формулярлардан үзінді көшірме дайындау;

      9) еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер жарияланған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының көшірмелерін, жергілікті атқарушы органдар әкімдері шешімдерінің көшірмелерін өзгерістер болған кезекші анықтамалық картаның номеклатуралық парақтары мен квадратын көрсете отырып ҰҚДҚ-ға жолдау;

      10) геодезия және картография саласының субъектілеріне белгіленген тәртіппен кезекші анықтамалық карта бойынша ақпарат беру;

      11) кезекші анықтамалық картаны жүргізу бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

      12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының карталарында бейнелеу бойынша кезекшілік жүргізу;

      13) кезекші анықтамалық карта мен формулярлардың көшірмелерін және мемлекеттің бүкіл аумағына жиынтық кезекші анықтамалық карта жинақтау;

      14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын көрсету үшін графикалық деректермен қамтамасыз ету.

3-тарау. Қазақстан Республикасының кезекші анықтамалық картасын жүргізу

      6. Кезекші анықтамалық картаға келесі өзгерістер болған жағдайларда ресми анықтамалық деректер мен картографиялық материалдар бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізіледі:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара сызығының жағдайы;

      2) облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шекара сызықтарының жағдайы;

      3) елді мекендердің құрылуы немесе таратылуы (олардың жіктелуі, әкімшілік маңызы, графикалық жағдайы, атаулары);

      4) темір және автомобиль жолдарының атаулары және (немесе) сипаттамалары;

      5) теміржол станцияларының, разъездердің, аялдама пункттерінің, айлақтардың, әуежайлардың, әуеайлақтардың атаулары және (немесе) сипаттамалары;

      6) гидротехникалық құрылыстардың және жерүсті су объектілерінің атаулары және (немесе) сипаттамалары;

      7) кернеуі 300 киловат және одан жоғары магистральдық мұнай құбырларының, газ құбырларының, электр беру желілерінің атаулары және (немесе) сипаттамалары;

      8) табиғат қорғау ұйымдары шекараларының жағдайы.

      7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы кезекші анықтамалық картаға қолданыстағы демаркациялау және редемаркациялау материалдары бойынша жазылып, тексеріледі.

      Демаркация болмаған жағдайда шекаралар делимитация материалдары бойынша жазылып, тексеріледі.

      8. Облыстардың шекаралары кезекші анықтамалық картаға Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінің негізінде жазылады және өзгертіледі, бұл туралы формулярда жазба беріледі.

      Кезекші анықтамалық картаға облыстық шекаралардың сызбасын салу және өзгерту парақ-құжаттар бойынша жүргізіледі.

      9. Парақ-құжаттар "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес нормативтік құқықтық акт қабылданған жағдайда ресімделеді.

      Бұрын ресімделген парақ-құжаттарға қайта қол қоюға жол берілмейді.

      10. Бұрыштама қоюға жіберілетін карта даналарының саны әрбір іргелес жергілікті атқарушы орган үшін 1 дана есебінен айқындалады.

      Жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актілеріне қоса берілген картографиялық материалдар, геодезиялық деректер және сипаттамалар бойынша шекара сызығы басылымның соңғы жылындағы тираждық баспа-таңбаға жазылады.

      Белгіленген шекаралары бар таралым баспа-таңбаның қажетті саны жергілікті атқарушы органдарға бұрыштама қоюға жіберіледі.

      Парақ-құжаттар масштабы 1:100 000 топографиялық картаның номенклатуралық парағында ресімделеді және 1:100 000 топографиялық картаның номенклатуралық парағының алдыңғы жағында іргелес жергілікті өкiлдi және атқарушы органдардың қолдарымен және мөрлерімен куәландырылады.

      11. Облыстық шекаралары сызылған парақ-құжаттардың куәландырылған түпнұсқалары ұйымдарға беру құқығынсыз ҰКДҚ-да тұрақты сақталады.

      12. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың шекараларының графикалық сызбасы облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың шекарасын белгілеу, өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес графикалық материалдар бойынша кезекші анықтамалық картаға түсіріледі.

      Облыс аудандары мен облыстық маңызы бар қалалардың шекараларының графикалық сызбасы облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес графикалық материалдар бойынша кезекші анықтамалық картаға түсіріледі.

      13. Кезекші анықтамалық картадағы шекаралардың графикалық сызбасы "х" шартты белгісін салу және белгіленген шартты белгімен шекараның жаңа сызығын салу арқылы өзгертіледі.

      Сыртқы және ішкі жиектемелердің арасында, оларға параллель, шекаралардың шығатын жерінде жазулар:

      1) облыстың атауы – қара түспен;

      2) ауданның атауы – қызыл түспен беріледі.

      14. Шекара сызығы әрбір елді мекеннің және шекараға жақын орналасқан басқа да объектілердің әкімшілік тиесілігін нақты және анық айқындайды. Шекараның шартты белгісі елді мекендерді, теміржол станцияларын кесіп өтуге жол берілмейді.

      15. Шекара сызығы картаның масштабында көрсетілген ені шекара сызығын оның нақты жағдайы бойынша салу мүмкіндігін болдырмайтын өзендердің немесе басқа су айдындарының фарватері бойынша өтетін жағдайларда, шекараның шартты белгілері су айдындарының екі жағалауы бойынша кезектесіп барлық бойында шекара оңай оқылатындай етіп буындардың тең санымен орналастырылады. Бояумен кескіндеу негізгі аумаққа қатысты сыртқы жағалау сызығынан беріледі.

      Жергілікті жердің тұрақты объектілеріне қатысты өзінің жоспарлы жағдайын өзгерткен таулы өзендер бойынша, шекара сызығы оның нормативтік құқықтық актіге сәйкес парақ-құжатта бекітіледі. Шекара өзендерінің арнасы өзгерген кезде, шекара сызығының графикалық жағдайы өзгермейді және ескі арнада көрсетіледі.

      16. Су айдындары арқылы өтетін шекаралар картада көрсетілген аралдардың әкімшілік байланысы нақты анықталатындай етіп кезекші анықтамалық картаға түсіріледі.

      Су айдынының (өзен, көл, су қоймасы) жағалауларының бірі бойынша өтетін шекаралар тиісті немесе бір жағалау бойынша шартты белгінің бірнеше буыны бойынша алшақтықпен көрсетіледі.

      17. Әкімшілік бөліністің шекаралары осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес шартты белгілермен кезекші анықтамалық картаға салынады.

      Шекараны бояумен кескіндеу шекараның сызықтық белгісімен көрсетіледі, бояумен кескіндеу жолағы шекараның жақсы оқылуын және шекара бойындағы карта мазмұнын сақтай отырып, негізгі аумақтың сыртқы жағына мөлдір бояумен орналастырылады.

      Шекараның өзен ортасымен өткенде, бояумен кескіндеу шекараның сызықтық белгілерінен емес, жағалау мен аралдардан, шекараның аралдар бойынша өту кезінде шекараның сызықтық белгілерінен көрсетіледі.

      Кез келген басқа сызықтық объект бойынша шекарадан өту кезінде бояумен кескіндеу тиісті объектіден (жолдар, арналар) көрсетіледі.

      18. Елді мекендердің әкімшілік-аумақтық тиесілігі, әкімшілік маңызы және типі, сондай-ақ олардың атаулары Заңға сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының географиялық атауларының мемлекеттік каталогы" негізінде кезекшілікке қабылданады.

      Толықтырулар мен өзгерістер олардың негізінде жүргізілген нормативтік құқықтық актілердің нөмірлері мен күндерімен бірге жүреді.

      19. Облыстардың, аудандардың және ауылдық округтердің әкімшілік орталықтары, сондай-ақ елді мекендердің типі кезекші анықтамалық картада осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасындағы шартты белгілерге сәйкес олардың атауларын астын сыза отырып бөледі.

      Елді мекендердің әкімшілік мәнінің немесе типінің өзгеруі кезінде олардың атауларының асты сызылған сызық бұл елді мекенге жаңадан берілген әкімшілік мәнге немесе типке сәйкес жаңасымен алмастырылады.

      20. Жаңадан құрылған елді мекендер кезекші анықтамалық картаға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының деректері бойынша пунсонмен немесе жалпы контурмен салынады. Олардың атауларына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ғана қол қойылады.

      Кезекші анықтамалық картаның формулярларына құжаттар жазылады, олардың негізінде елді мекен және алынған графикалық құжаттар қашан және кім куәландырылғаны туралы мәліметтер жазылады.

      21. Таратылған, есепті деректерден шығарылған елді мекендер кезекші анықтамалық картада сызылып тасталады.

      22. Елді мекендерді біріктіру кезінде картада оларға берілген бір атау қалдырылады, ал сызылған атаулардан қай елді мекендердің біріккендігін көрсететін бағыттама беріледі.

      23. Кезекші анықтамалық картада елді мекендердің атауларын өзгерту Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері негізінде жүргізіледі, оларға сәйкес карталарда ескі атаулар сызылып, жаңаларына қол қойылады.

      24. Кезекші анықтамалық картаға шығарылған елді мекендердің географиялық орналасуына, әкімшілік мәніне, жіктелуіне және атауларына барлық өзгерістер, толықтырулар мен нақтылаулар формулярларға енгізіледі.

      25. Кезекші анықтамалық картаға қолданыстағы және салынып жатқан қатынас жолдары, кеме қатынасы арналары, су қоймалары, олардағы құрылыстар (барлық станциялар, разъездер, айлақтар) және олардың атаулары жазылады. Өзгерістер жобалау ұйымдарының жоспарлы материалдары, және масштабы 1:50 000 және одан үлкен масштабтағы топографиялық карталар, олардын көшірмелері, анықтамалар, сондай-ақ ресми материалдар мен құжаттар бойынша жасалады. Салынып жатқан объектілер бекітілген жобалық деректер бойынша жазылады.

      26. Қатынас жолдары, арналар, су қоймалары мен құрылыстар кезекші анықтамалық картаға 1:100 000 масштабты картаның шартты белгілерінде салынады. Формулярларда нысан салынған немесе өзгертулер енгізілген материал, кімнен алынғанын, кіммен қол қойылғанын, құжаттың нөмірі мен күнін көрсете отырып, деректер толтырылады.

      27. Қолданыстағы және салынып жатқан магистральдық (жүйедегі басты желі) мұнай құбырлары, газ құбырлары және кернеуі 300 киловат және одан жоғары электр беру желілері кезекші анықтамалық картаға осы объектілерді масштабы 1:100 000 топографиялық карталарда көрсету үшін белгіленген шартты белгілермен салынады. Бұл объектілер оларды жобалауды және салуды жүзеге асыратын ұйымдардың жобалау және түсіру материалдары бойынша, картографиялық өнімдердің түсірілім деректері бойынша салынады.

      28. Табиғат қорғау ұйымдарының шекаралары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес кезекші анықтамалық карталарға салынады.

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2024 жылғы 8 қаңтардағы
№ 6/НҚ
Қазақстан Республикасының
кезекші анықтамалық
картасын жүргізу жөніндегі
нұсқаулыққа
1-қосымша

Қазақстан Республикасының кезекші анықтамалық картасының формуляры __________________________________________ (номенклатуралық парақтың нөмірі) _______________________________________ (облыс атауы)

      Топографиялық картаны шығару немесе жасау жылы және номері_________________

      Топографиялық карта кіммен шығарылды немесе жасалды _______________________

      Қандай материалдар (карталар) бойынша кезекші карта жасалды __________________

      Жұмыстың басталуы ____________ Жұмыстың аяқталуы _______________

№ р/с

Түзетулер енгізілген күні

Түзету мәні

1. Түзетуге негізге алынған құжаттар
2. Пайдаланылған картографиялық материалдың қысқаша сипаттамасы
3. Орындаушының қолы

Ескерту






  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2024 жылғы 8 қаңтардағы
№ 6/НҚ
Қазақстан Республикасының
кезекші анықтамалық картасын
жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

Шартты белгілер

Шартты белгілер

Белгіленген нысандардың атаулары

I

Шекаралар

1



 

Мемлекеттік шекаралар

2



 

Облыстардың шекарасы

3



Аудандардың шекарасы

4



 

Қала шекарасы (шегі)

5



 

Қорықтардың шекарасы

6



 

Өтеу белгілері

II

Елді мекендер

7



 

Қазақстан Республикасының елордасы

8



 

Облыс орталықтары*

9



 

Аудан орталықтары**

10



 

Ауылдық округтердің орталықтары***

11



 

Қалалар****

12



 

Қалалық типтегі ауыл****

13



 

Қайта құрылған елді мекендер

14



 

Есептi деректерден шығарылған (таратылған) елді мекендер

15



 

Біріккен елді мекендер

16



 

Атауы өзгертілген елді мекендер

III

Елді мекендер бойынша кезекшілікті орындау мысалдары

1



 

Қала

2



 

Облыс орталығы, қала

3



 

Аудан орталығы, қала

4



 

Ауылдық округ орталығы (Округ орталығы)

      * Ескерту:

      * - Шекараның бояуымен кескінделген бірдей түсті сызықпен ерекшеленеді;

      ** -Қызыл түстің қалың сызығымен ерекшеленеді;

      *** - Қызыл түстің жұқа сызығымен баса назар аударылады және түсіндірме қолтаңба беріледі;

      **** - Қоңыр сызықпен сызылады және түсіндірме қолтаңба беріледі (республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қала, қалалық типтегі ауыл.).

Об утверждении инструкции по ведению дежурной справочной карты Республики Казахстан

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 8 января 2024 года № 6/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 января 2024 года № 33895

      В соответствии с подпунктом 213-16) пункта 15 Положения о Министерстве цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 501 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 24 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую инструкцию по ведению дежурной справочной карты Республики Казахстан.

      2. Комитету геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
Б. Мусин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство обороны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство иностранных дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан

  Утверждена
приказом Министр
цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
от 8 января 2024 года № 6/НҚ

Инструкция по ведению дежурной справочной карты Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Инструкция по ведению дежурной справочной карты Республики Казахстан (далее – Инструкция) разработана в соответствии с подпунктом 213-16) пункта 15 Положения о Министерстве цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 501 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 24 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан" и определяет порядок ведения дежурной справочной карты с отображением на ней изменений:

      1) по государственной границе Республики Казахстан, границам областей, районов и сельских округов;

      2) по населенным пунктам, включая их наименования;

      3) по географическим объектам и их наименованиям.

      2. Ведение дежурной справочной карты осуществляется на основе номенклатурных листов топографической карты масштаба 1:100 000 последнего года издания. На каждом листе дежурной справочной карты осуществляется дежурство за период между изданиями этого листа в целях:

      1) обеспечения правильности изображения на издаваемых картах государственной границы Республики Казахстан – в соответствии с международными договорами и материалами демаркации и редемаркации государственной границы, административно-территориального деления Республики Казахстан – в соответствии с Указами Президента Республики Казахстан и нормативными правовыми актами Правительства Республики Казахстан и местных представительных и исполнительных органов;

      2) своевременного отражения на картах, издаваемых государственным предприятием уполномоченного органа в сфере геодезии, картографии и пространственных данных, административно-территориальных преобразований и объектов новостроек;

      3) накопления и анализа информации об изменениях географических объектов;

      4) обеспечения информацией субъектов геодезической и картографической деятельности, научных, проектных, административных, хозяйственных, учебных учреждений и организаций Республики Казахстан.

      3. Ведение дежурной справочной карты осуществляется по всей территории Республики Казахстан.

      4. В настоящей Инструкции используются следующие понятия:

      1) ведение дежурной справочной карты – сбор, документирование, обработка, учет, нанесение на дежурную справочную карту, заполнение ее формуляра, внесение в базу данных дежурной справочной карты и хранение сведений об изменениях основных географических объектов и иных объектов местности, их наименований и характеристик, а также предоставление информации из этой карты;

      2) демаркационные документы – демаркационная карта Государственной границы, описание прохождения линий Государственной границы, протоколы пограничных знаков, каталог координат пограничных знаков со схемой геодезической сети;

      3) документы по делимитации – делимитационная карта Государственной границы, описание прохождения линий Государственной границы;

      4) лист-документ – топографическая карта масштаба 1:100 000, на которую нанесено графическое начертание границ административно-территориальных единиц, завизированное подписями первых руководителей и скрепленное печатями местных исполнительных органов Республики Казахстан;

      5) номенклатурный лист – отдельный лист топографической карты определенного масштаба в принятой системе разграфки;

      6) формуляр дежурной справочной карты – документ для внесения сведений по существу вносимых исправлений на номенклатурном листе дежурной справочной карты (далее – формуляр);

      7) отмывка – пластическое полутоновое изображение рельефа путем наложения теней. Автоматическая отмывка выполняется на основе цифровых моделей рельефа в виде растрового полутонового изображения;

      8) фарватер – путь, безопасный для плавания судов среди препятствий (между островами, мелями), обозначаемый средствами навигационного ограждения (буями, вехами, створными знаками).

      Все остальные термины и их определения используются в значениях, установленных Законом Республики Казахстан "О геодезии, картографии и пространственных данных".

Глава 2. Порядок работ ведения дежурной справочной карты

      5. Ведение дежурной справочной карты осуществляется в следующем порядке:

      1) сбор и систематизация официальных справочных данных, геодезических и картографических материалов центральных и местных исполнительных органов, отображающих изменения в административно-территориальном устройстве и географических объектах на постоянной основе;

      2) внесение изменений на дежурную справочную карту в отображение административно-территориального устройства и географических объектов, подлежащих дежурству;

      3) ведение формуляров к листам дежурной справочной карты;

      4) внесение изменений в каталоги географических названий в случае изменений географических объектов и их наименований;

      5) проведение анализа подготовленных к изданию каталогов географических названий, списков населенных пунктов для согласования с дежурными материалами и исключения разночтения в названиях населенных пунктов и их пропусков;

      6) оформление на картах масштаба 1:100 000 листов-документов, подтверждающих начертания административных границ и направление копий в Национальный фонд пространственных данных (далее – НФПД);

      7) осуществление замены листов дежурной справочной карты новыми по изданию и направления копии в НФПД;

      8) изготовление выписки из формуляров на изменения элементов дежурства административных и географических объектов по мере их поступления и представления в НФПД;

      9) направление в НФПД копий Указов Президента Республики Казахстан, в которых опубликованы изменения административно-территориального устройства страны, копии решений акимов местных исполнительных органов с указанием в них номенклатур листов дежурной справочной карты и квадратов, где произошли изменения;

      10) выдача информации по дежурной справочной карте в установленном порядке субъектам сферы геодезии и картографии;

      11) осуществление методического руководства по ведению дежурной справочной карты;

      12) ведение дежурства по изображению на картах государственной границы Республики Казахстан;

      13) комплектование копий дежурных справочных карт, формуляров сводной дежурной справочной карты на всю территорию страны;

      14) обеспечение графическими данными для показа государственной границы Республики Казахстан.

Глава 3. Ведение дежурной справочной карты Республики Казахстан

      6. На дежурной справочной карте вносятся исправления и дополнения по официальным справочным данным и картографическим материалам в случаях следующих изменений:

      1) положения линии государственной границы Республики Казахстан;

      2) положения линий границ областей, районов, городов республиканского, областного и районного значения;

      3) образовании или упразднении населенных пунктов (их классификации, административного значения, графического положения, наименований);

      4) наименований и (или) характеристик железных и автомобильных дорог;

      5) наименований и (или) характеристик железнодорожных станций, разъездов, остановочных пунктов, пристаней, аэропортов, аэродромов;

      6) наименований и (или) характеристик гидротехнических сооружений и поверхностных водных объектов;

      7) наименований и (или) характеристик магистральных нефтепроводов, газопроводов, линий электропередач напряжением 300 киловатт и выше;

      8) положения границ природоохранных организаций.

      7. Государственная граница Республики Казахстан на дежурную справочную карту наносится и проверяется по действующим материалам демаркации и редемаркации.

      В случае отсутствия демаркации границы наносятся и проверяются по материалам делимитации.

      8. Границы областей на дежурную справочную карту наносятся и изменяются на основании соответствующих нормативных правовых актов Республики Казахстан, о чем дается запись в формуляре.

      Нанесение и изменение начертания областных границ на дежурной справочной карте производятся по листам-документам.

      9. Листы-документы оформляются в случае принятия нормативного правового акта в соответствии со статьей 5 Закона Республики Казахстан "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" (далее – Закон).

      Перевизирование ранее оформленных листов-документов не допускается.

      10. Количество экземпляров карт, посылаемых на визирование, определяется из расчета по 1 экземпляру для каждого смежного местного исполнительного органа.

      На тиражные оттиски последнего года издания наносятся линии границы по картографическим материалам, геодезическим данным и описаниям, приложенным к нормативным правовым актам местного исполнительного органа.

      Необходимое количество экземпляров тиражных оттисков с нанесенными границами направляется на визирование в местные исполнительные органы.

      Листы-документы оформляются на номенклатурном листе топографической карты масштаба 1:100 000 и заверяются подписями и печатями на лицевой стороне номенклатурного листа топографической карты масштаба 1:100 000 смежных местных исполнительных и представительных органов.

      11. Заверенные подлинники листов-документов с начертанием областных границ, хранятся постоянно в НФПД без права выдачи их организациям.

      12. Графическое начертание границ областей и городов республиканского значения наносится по графическим материалам на дежурную справочную карту в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан об установлении, изменении границы областей и городов республиканского значения.

      Графическое начертание границ районов областей и городов областного значения наносится по графическим материалам на дежурную справочную карту в соответствии с совместным решением и постановлением местных представительных и исполнительных органов.

      13. Графическое начертание границ на дежурных картах изменяют путем нанесения условного знака "х" и нанесением новой линии границы установленным условным знаком.

      Между внешней и внутренней рамками, параллельно им, у выходов границ наносят:

      1) наименование области – черным цветом;

      2) наименование района – красным цветом.

      14. Линия границы определяет административную принадлежность каждого населенного пункта и других объектов, находящихся вблизи границы. Не допускается пересечение населенных пунктов, железнодорожных станций условным знаком границы.

      15. В тех случаях, когда линия границы проходит по фарватеру рек или других водоемов, ширина которых, выраженная в масштабе карты, исключает возможность нанесения линии границы по ее действительному положению, условные знаки границы располагают попеременно по обоим берегам водоемов равным количеством звеньев так, чтобы граница на всем ее протяжении легко читалась. Отмывка дается от внешней береговой линии по отношению к основной территории.

      Линия границы по горным рекам, изменившим свое плановое положение по отношению к постоянным объектам местности, указывается в соответствии с нормативным правовым актом и фиксируется на листе-документе. При изменении русла пограничных рек графическое положение самой линии границы не меняется и показывается по старому руслу.

      16. Границы, проходящие по водоемам, наносят на дежурную справочную карту таким образом, чтобы четко определялась административная принадлежность островов, показанных на карте.

      Границы, проходящие по одному из берегов водоема (реки, озера, водохранилища), указываются с разрывом по нескольку звеньев условного знака по соответствующему или одному берегу.

      17. Границы административного деления наносятся на дежурные справочные карты в соответствии с условными знаками согласно приложению 2 к настоящей Инструкции.

      Отмывку границ указывают по штриховым знакам границ, полосу отмывки располагают по внешней от основной территории стороне прозрачной окраской, сохраняя хорошую читаемость границы и содержания карты вдоль границы.

      При прохождении границы по середине реки отмывку указывают не от штриховых знаков границы, а по берегу и островам, при прохождении границы по островам отмывку дают от штриховых знаков границы.

      При прохождении границы по любому другому линейному объекту отмывку указывают от соответствующего объекта (дорога, канал).

      18. Административно-территориальная принадлежность, административное значение и тип населенных пунктов, а также их наименования принимаются на дежурство на основании нормативных правовых актов, принятых согласно Закона, а также "Государственного каталога географических названий Республики Казахстан".

      Дополнения и изменения сопровождаются номерами и датами нормативных правовых актов, на основании которых они произведены.

      19. Административные центры областей, районов и сельских округов, а также тип населенных пунктов выделяют на дежурных справочных картах подчеркиванием их наименований в соответствии с условными знаками согласно приложению 2 к настоящей Инструкции.

      При изменении административного значения или типа населенных пунктов, черта, имевшаяся под их наименованием, заменяется новой, соответствующей вновь присвоенному административному значению или типу этого населенного пункта.

      20. Вновь образованные населенные пункты наносятся на дежурную справочную карту пунсоном или общим контуром по данным государственных органов Республики Казахстан. Названия их подписываются только в соответствии с нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      В формуляры дежурной справочной карты записываются документы, на основании которых нанесен населенный пункт и данные, когда и кем заверены полученные графические документы.

      21. Упраздненные, снятые с учетных данных населенные пункты на дежурной справочной карте зачеркиваются.

      22. При объединении населенных пунктов на карте оставляют одно, присвоенное им наименование, а от зачеркнутых наименований дают стрелки, указывающие какие населенные пункты объединились.

      23. Переименования населенных пунктов на дежурной справочной карте производят на основании нормативных правовых актов Республики Казахстан, в соответствии с которыми на картах зачеркивают старые наименования и подписывают новые.

      24. Все изменения, дополнения и уточнения географического положения, административного значения, классификации и наименований населенных пунктов, вынесенные на дежурную справочную карту, заносятся в формуляры.

      25. На дежурную справочную карту наносятся существующие и строящиеся пути сообщения, судоходные каналы, водохранилища, сооружения на них (все станции, разъезды, пристани) и их наименования. Изменения наносятся по плановым материалам проектных организаций, по топографическим картам масштаба 1:50 000 и крупнее, копиям с них, справочникам, а также по официальным материалам и документам. Строящиеся объекты наносятся по утвержденным проектным данным.

      26. Пути сообщения, каналы, водохранилища и сооружения наносят на дежурную справочную карту в условных знаках карты масштаба 1:100 000. В формулярах заполняют данные материалов по которым нанесен объект или внесены изменения, от кого получен материал, кем подписан, номера и даты документа.

      27. Существующие и строящиеся магистральные (главная линия в системе) нефтепроводы, газопроводы и линии электропередач напряжением 300 киловатт и выше наносят на дежурную справочную карту условными знаками, установленными для показа этих объектов на топографических картах масштаба 1:100 000. Эти объекты наносятся по проектным и съемочным материалам организаций, осуществляющих их проектирование и строительство, по съемочным данным картографической продукций.

      28. Границы природоохранных организаций наносятся на дежурные справочные карты в соответствии с нормативными правовыми актами.

  Министр
цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
от 8 января 2024 года № 6/НҚ
  Приложение 1
к Инструкции по ведению
дежурной справочной карты
Республики Казахстан

Формуляр дежурной справочной карты Республики Казахстан
__________________________________________
(номер номенклатурного листа)
_______________________________________
(наименование области)

      Год и номер издания или создания топографической карты
___________________________________________________
Кем издана или создана топографическая карта
___________________________________________________
По каким материалам (картам) составлена дежурная карта
___________________________________________________
Начало работ __________ Окончание работ _____________

№ п/п

Дата внесения исправлений

Сущность исправления

1. Документы, положенные в основу исправления
2. Краткая характеристика использованного картографического материала
3. Подпись исполнителя

Примечание






  Министр
цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
от 8 января 2024 года № 6/НҚ
  Приложение 2
к Инструкции по ведению
дежурной справочной карты
Республики Казахстан

Условные знаки

Условные знаки

Названия обозначаемых объектов

I

Границы

1



Государственные границы

2



Границы областей

3



Границы районов

4



Границы городской черты

5



Границы заповедников

6



Знаки погашения

II

Населенные пункты

7



Столица Республика Казахстан*

8


 

Центры областей*

9



Центры районов**

10



Центры сельских округов***

11



Города****

12



Поселок городского типа****

13



Вновь образованные населенные пункты

14



Снятые с учетных данных (упраздненные) населенные пункты

15



Объединенные населенные пункты

16



Переименованные населенные пункты

III

Примеры выполнения дежурства по населенным пунктам

1



Город

2



Центр области, город

3



Центр района, город

4



Центр сельского округа
(Окружной центр)

      *Примечание:
* - Подчеркивается линией того же цвета, каким дана отмывка границы;
** - Подчеркивается толстой линией красного цвета;
*** - Подчеркивается тонкой линией красного цвета и дается пояснительная подпись;
**** - Подчеркивается линией коричневого цвета и дается пояснительная подпись
(г. респ.знач., г. обл. знач., г. район. знач., пгт.).