"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 213-16) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кезекші анықтамалық картасын жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 6/НҚ Бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасының кезекші анықтамалық картасын жүргізу жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының кезекші анықтамалық картасын жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 213-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және кезекші анықтамалық картаны ондағы өзгерістерді көрсетумен жүргізу тәртібін айқындайды:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы, облыстар, аудандар мен ауылдық округтардың шекаралары бойынша;
2) елді мекендер бойынша, олардың атауларын қоса алғанда;
3) географиялық объектілер және олардың атаулары бойынша.
2. Кезекші анықтамалық картаны жүргізу басылымның соңғы жылындағы масштабы 1:100 000 топографиялық картаның номенклатуралық парақтары негізінде жүзеге асырылады. Картаның әрбір парағындағы кезекшілік осы парақтың басылымдары арасындағы кезеңге арналып, мына мақсаттарда іске асырылады:
1) басып шығарылатын карталарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының халықаралық шарттарға және мемлекеттік шекараны демаркациялау және қайта демаркациялау материалдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінуінің шекарасы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бейнеленуінің дұрыстығын қамтамасыз ету;
2) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік кәсіпорнымен шығарылатын карталарда, әкімшілік-аумақтық қайта құрулар мен жаңа құрылыс объектілердін уақтылы көрсетілуін;
3) географиялық объектілердің өзгеруі туралы ақпаратты жинақтау және талдау;
4) Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографиялық қызметтің субъектілерін, ғылыми, жобалау, әкімшілік, шаруашылық, оқу мекемелері мен ұйымдарын ақпаратпен қамтамасыз ету.
3. Кезекші анықтамалық картаны жүргізу Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша жүзеге асырылады.
4. Осы Нұсқаулықта келесі ұғымдар қолданылады:
1) кезекші анықтамалық картаны жүргізу – кезекші анықтамалық картаға жинау, құжаттау, өңдеу, есепке алу, оны салу, оның формулярын толтыру, кезекші анықтамалық картаның дерекқорына енгізу және негізгі географиялық объектілердің және жергілікті жердің өзге де объектілерінің өзгерістері, олардың атаулары мен сипаттамалары, сондай-ақ осы картадан ақпарат беру;
2) демаркациялық құжаттар – мемлекеттік шекараның демаркациялық картасы, мемлекеттік шекара сызықтарының өтуін сипаттау, шекаралық белгілердің хаттамалары, геодезиялық желі схемасы бар шекаралық белгілердің координаттар каталогы;
3) делимитация жөніндегі құжаттар – мемлекеттік шекараның делимитациялық картасы, мемлекеттік шекара сызықтарының өтуін сипаттау;
4) парақ-құжат – Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының бірінші басшыларының бұрыштама қолдарымен және мөрлерімен бекітілген, әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларының графикалық сызбасы жазылған масштабы 1:100 000 топографиялық карта;
5) номенклатуралық парақ – қабылданған сызу жүйесінде белгілі бір масштабтағы топографиялық картаның жеке парағы;
6) кезекші анықтамалық картаның формуляры – кезекші анықтамалық картаның номенклатуралық парағына енгізілетін түзетулердің мәні бойынша мәліметтерді енгізуге арналған құжат (бұдан әрі – формуляр);
7) бояумен кескіндеу – көлеңкелерді қолдану арқылы рельефтің пластикалық жартылай реңді бейнесі. Автоматты бояумен кескіндеу растрлық жартылай реңді кескін түріндегі цифрлық рельеф үлгілері негізінде орындалады;
8) фарватер – навигациялық қоршау құралдары арқылы (буялар, қадалар, екі жарма белгілері) көрсетілетін кедергілер арасында (аралдар, қайрандар арасында) кемелердің қауіпсіз жүзуіне арналған жол;
Барлық басқа терминдер мен олардың анықтамалары "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мағынада пайдаланылады.
2-тарау. Кезекші анықтамалық картаны жүргізу тәртібі
5. Кезекші анықтамалық картаны жүргізу келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
1) әкімшілік-аумақтық құрылысындағы және географиялық объектілердегі өзгерістерді көрсететін орталық және жергілікті атқарушы органдардың ресми анықтамалық деректерін, геодезиялық және картографиялық материалдарын тұрақты негізде жинау және жүйелеу;
2) кезекшілікке жататын әкімшілік-аумақтық құрылым мен географиялық объектілерді көрсетуге кезекші анықтамалық картаға өзгерістерді енгізу;
3) кезекші анықтамалық картаның парақтарына формуляр жүргізу;
4) географиялық объектілер және олардың атаулары бойынша өзгерістер енгізілген жағдайда географиялық атаулар каталогына өзгерістер енгізу;
5) басылымға дайындалған географиялық атаулардың каталогтарына, кезекші материалдармен келісу үшін елді мекендердің тізімдеріне талдау жүргізу және елді мекендердің атауларының әртүрлі оқылуын және қалып кетуді болдырмау;
6) 1:100 000 масштабты карталарда әкімшілік шекаралардың сызбаларын растайтын және көшірмелерін Ұлттық кеңістіктік деректер қорына (бұдан әрі –ҰКДҚ) жіберетін құжат-парақтарды ресімдеу;
7) кезекші анықтамалық картаның парақтарын басылым бойынша жаңасымен ауыстыруды жүзеге асыру және оның көшірмесін ҰКДҚ-ға жіберу;
8) әкімшілік және географиялық объектілердің кезекшілік элементтерінің ҰҚДҚ-ға келіп түсуіне және ұсынылуына қарай өзгеруіне формулярлардан үзінді көшірме дайындау;
9) еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер жарияланған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының көшірмелерін, жергілікті атқарушы органдар әкімдері шешімдерінің көшірмелерін өзгерістер болған кезекші анықтамалық картаның номеклатуралық парақтары мен квадратын көрсете отырып ҰҚДҚ-ға жолдау;
10) геодезия және картография саласының субъектілеріне белгіленген тәртіппен кезекші анықтамалық карта бойынша ақпарат беру;
11) кезекші анықтамалық картаны жүргізу бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының карталарында бейнелеу бойынша кезекшілік жүргізу;
13) кезекші анықтамалық карта мен формулярлардың көшірмелерін және мемлекеттің бүкіл аумағына жиынтық кезекші анықтамалық карта жинақтау;
14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын көрсету үшін графикалық деректермен қамтамасыз ету.
3-тарау. Қазақстан Республикасының кезекші анықтамалық картасын жүргізу
6. Кезекші анықтамалық картаға келесі өзгерістер болған жағдайларда ресми анықтамалық деректер мен картографиялық материалдар бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізіледі:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара сызығының жағдайы;
2) облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шекара сызықтарының жағдайы;
3) елді мекендердің құрылуы немесе таратылуы (олардың жіктелуі, әкімшілік маңызы, графикалық жағдайы, атаулары);
4) темір және автомобиль жолдарының атаулары және (немесе) сипаттамалары;
5) теміржол станцияларының, разъездердің, аялдама пункттерінің, айлақтардың, әуежайлардың, әуеайлақтардың атаулары және (немесе) сипаттамалары;
6) гидротехникалық құрылыстардың және жерүсті су объектілерінің атаулары және (немесе) сипаттамалары;
7) кернеуі 300 киловат және одан жоғары магистральдық мұнай құбырларының, газ құбырларының, электр беру желілерінің атаулары және (немесе) сипаттамалары;
8) табиғат қорғау ұйымдары шекараларының жағдайы.
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы кезекші анықтамалық картаға қолданыстағы демаркациялау және редемаркациялау материалдары бойынша жазылып, тексеріледі.
Демаркация болмаған жағдайда шекаралар делимитация материалдары бойынша жазылып, тексеріледі.
8. Облыстардың шекаралары кезекші анықтамалық картаға Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінің негізінде жазылады және өзгертіледі, бұл туралы формулярда жазба беріледі.
Кезекші анықтамалық картаға облыстық шекаралардың сызбасын салу және өзгерту парақ-құжаттар бойынша жүргізіледі.
9. Парақ-құжаттар "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес нормативтік құқықтық акт қабылданған жағдайда ресімделеді.
Бұрын ресімделген парақ-құжаттарға қайта қол қоюға жол берілмейді.
10. Бұрыштама қоюға жіберілетін карта даналарының саны әрбір іргелес жергілікті атқарушы орган үшін 1 дана есебінен айқындалады.
Жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актілеріне қоса берілген картографиялық материалдар, геодезиялық деректер және сипаттамалар бойынша шекара сызығы басылымның соңғы жылындағы тираждық баспа-таңбаға жазылады.
Белгіленген шекаралары бар таралым баспа-таңбаның қажетті саны жергілікті атқарушы органдарға бұрыштама қоюға жіберіледі.
Парақ-құжаттар масштабы 1:100 000 топографиялық картаның номенклатуралық парағында ресімделеді және 1:100 000 топографиялық картаның номенклатуралық парағының алдыңғы жағында іргелес жергілікті өкiлдi және атқарушы органдардың қолдарымен және мөрлерімен куәландырылады.
11. Облыстық шекаралары сызылған парақ-құжаттардың куәландырылған түпнұсқалары ұйымдарға беру құқығынсыз ҰКДҚ-да тұрақты сақталады.
12. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың шекараларының графикалық сызбасы облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың шекарасын белгілеу, өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес графикалық материалдар бойынша кезекші анықтамалық картаға түсіріледі.
Облыс аудандары мен облыстық маңызы бар қалалардың шекараларының графикалық сызбасы облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес графикалық материалдар бойынша кезекші анықтамалық картаға түсіріледі.
13. Кезекші анықтамалық картадағы шекаралардың графикалық сызбасы "х" шартты белгісін салу және белгіленген шартты белгімен шекараның жаңа сызығын салу арқылы өзгертіледі.
Сыртқы және ішкі жиектемелердің арасында, оларға параллель, шекаралардың шығатын жерінде жазулар:
1) облыстың атауы – қара түспен;
2) ауданның атауы – қызыл түспен беріледі.
14. Шекара сызығы әрбір елді мекеннің және шекараға жақын орналасқан басқа да объектілердің әкімшілік тиесілігін нақты және анық айқындайды. Шекараның шартты белгісі елді мекендерді, теміржол станцияларын кесіп өтуге жол берілмейді.
15. Шекара сызығы картаның масштабында көрсетілген ені шекара сызығын оның нақты жағдайы бойынша салу мүмкіндігін болдырмайтын өзендердің немесе басқа су айдындарының фарватері бойынша өтетін жағдайларда, шекараның шартты белгілері су айдындарының екі жағалауы бойынша кезектесіп барлық бойында шекара оңай оқылатындай етіп буындардың тең санымен орналастырылады. Бояумен кескіндеу негізгі аумаққа қатысты сыртқы жағалау сызығынан беріледі.
Жергілікті жердің тұрақты объектілеріне қатысты өзінің жоспарлы жағдайын өзгерткен таулы өзендер бойынша, шекара сызығы оның нормативтік құқықтық актіге сәйкес парақ-құжатта бекітіледі. Шекара өзендерінің арнасы өзгерген кезде, шекара сызығының графикалық жағдайы өзгермейді және ескі арнада көрсетіледі.
16. Су айдындары арқылы өтетін шекаралар картада көрсетілген аралдардың әкімшілік байланысы нақты анықталатындай етіп кезекші анықтамалық картаға түсіріледі.
Су айдынының (өзен, көл, су қоймасы) жағалауларының бірі бойынша өтетін шекаралар тиісті немесе бір жағалау бойынша шартты белгінің бірнеше буыны бойынша алшақтықпен көрсетіледі.
17. Әкімшілік бөліністің шекаралары осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес шартты белгілермен кезекші анықтамалық картаға салынады.
Шекараны бояумен кескіндеу шекараның сызықтық белгісімен көрсетіледі, бояумен кескіндеу жолағы шекараның жақсы оқылуын және шекара бойындағы карта мазмұнын сақтай отырып, негізгі аумақтың сыртқы жағына мөлдір бояумен орналастырылады.
Шекараның өзен ортасымен өткенде, бояумен кескіндеу шекараның сызықтық белгілерінен емес, жағалау мен аралдардан, шекараның аралдар бойынша өту кезінде шекараның сызықтық белгілерінен көрсетіледі.
Кез келген басқа сызықтық объект бойынша шекарадан өту кезінде бояумен кескіндеу тиісті объектіден (жолдар, арналар) көрсетіледі.
18. Елді мекендердің әкімшілік-аумақтық тиесілігі, әкімшілік маңызы және типі, сондай-ақ олардың атаулары Заңға сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының географиялық атауларының мемлекеттік каталогы" негізінде кезекшілікке қабылданады.
Толықтырулар мен өзгерістер олардың негізінде жүргізілген нормативтік құқықтық актілердің нөмірлері мен күндерімен бірге жүреді.
19. Облыстардың, аудандардың және ауылдық округтердің әкімшілік орталықтары, сондай-ақ елді мекендердің типі кезекші анықтамалық картада осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасындағы шартты белгілерге сәйкес олардың атауларын астын сыза отырып бөледі.
Елді мекендердің әкімшілік мәнінің немесе типінің өзгеруі кезінде олардың атауларының асты сызылған сызық бұл елді мекенге жаңадан берілген әкімшілік мәнге немесе типке сәйкес жаңасымен алмастырылады.
20. Жаңадан құрылған елді мекендер кезекші анықтамалық картаға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының деректері бойынша пунсонмен немесе жалпы контурмен салынады. Олардың атауларына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ғана қол қойылады.
Кезекші анықтамалық картаның формулярларына құжаттар жазылады, олардың негізінде елді мекен және алынған графикалық құжаттар қашан және кім куәландырылғаны туралы мәліметтер жазылады.
21. Таратылған, есепті деректерден шығарылған елді мекендер кезекші анықтамалық картада сызылып тасталады.
22. Елді мекендерді біріктіру кезінде картада оларға берілген бір атау қалдырылады, ал сызылған атаулардан қай елді мекендердің біріккендігін көрсететін бағыттама беріледі.
23. Кезекші анықтамалық картада елді мекендердің атауларын өзгерту Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері негізінде жүргізіледі, оларға сәйкес карталарда ескі атаулар сызылып, жаңаларына қол қойылады.
24. Кезекші анықтамалық картаға шығарылған елді мекендердің географиялық орналасуына, әкімшілік мәніне, жіктелуіне және атауларына барлық өзгерістер, толықтырулар мен нақтылаулар формулярларға енгізіледі.
25. Кезекші анықтамалық картаға қолданыстағы және салынып жатқан қатынас жолдары, кеме қатынасы арналары, су қоймалары, олардағы құрылыстар (барлық станциялар, разъездер, айлақтар) және олардың атаулары жазылады. Өзгерістер жобалау ұйымдарының жоспарлы материалдары, және масштабы 1:50 000 және одан үлкен масштабтағы топографиялық карталар, олардын көшірмелері, анықтамалар, сондай-ақ ресми материалдар мен құжаттар бойынша жасалады. Салынып жатқан объектілер бекітілген жобалық деректер бойынша жазылады.
26. Қатынас жолдары, арналар, су қоймалары мен құрылыстар кезекші анықтамалық картаға 1:100 000 масштабты картаның шартты белгілерінде салынады. Формулярларда нысан салынған немесе өзгертулер енгізілген материал, кімнен алынғанын, кіммен қол қойылғанын, құжаттың нөмірі мен күнін көрсете отырып, деректер толтырылады.
27. Қолданыстағы және салынып жатқан магистральдық (жүйедегі басты желі) мұнай құбырлары, газ құбырлары және кернеуі 300 киловат және одан жоғары электр беру желілері кезекші анықтамалық картаға осы объектілерді масштабы 1:100 000 топографиялық карталарда көрсету үшін белгіленген шартты белгілермен салынады. Бұл объектілер оларды жобалауды және салуды жүзеге асыратын ұйымдардың жобалау және түсіру материалдары бойынша, картографиялық өнімдердің түсірілім деректері бойынша салынады.
28. Табиғат қорғау ұйымдарының шекаралары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес кезекші анықтамалық карталарға салынады.
Қазақстан Республикасының кезекші анықтамалық картасының формуляры __________________________________________ (номенклатуралық парақтың нөмірі) _______________________________________ (облыс атауы)
Топографиялық картаны шығару немесе жасау жылы және номері_________________
Топографиялық карта кіммен шығарылды немесе жасалды _______________________
Қандай материалдар (карталар) бойынша кезекші карта жасалды __________________
Жұмыстың басталуы ____________ Жұмыстың аяқталуы _______________
№ р/с | Түзетулер енгізілген күні | Түзету мәні |
1. Түзетуге негізге алынған құжаттар | Ескерту |
Шартты белгілер
№ | Шартты белгілер | Белгіленген нысандардың атаулары |
I | Шекаралар | |
1 | Мемлекеттік шекаралар | |
2 | Облыстардың шекарасы | |
3 | Аудандардың шекарасы | |
4 | Қала шекарасы (шегі) | |
5 | Қорықтардың шекарасы | |
6 | Өтеу белгілері | |
II | Елді мекендер | |
7 | Қазақстан Республикасының елордасы | |
8 | Облыс орталықтары* | |
9 | Аудан орталықтары** | |
10 | Ауылдық округтердің орталықтары*** | |
11 | Қалалар**** | |
12 | Қалалық типтегі ауыл**** | |
13 | Қайта құрылған елді мекендер | |
14 | Есептi деректерден шығарылған (таратылған) елді мекендер | |
15 | Біріккен елді мекендер | |
16 | Атауы өзгертілген елді мекендер | |
III | Елді мекендер бойынша кезекшілікті орындау мысалдары | |
1 | Қала | |
2 | Облыс орталығы, қала | |
3 | Аудан орталығы, қала | |
4 | Ауылдық округ орталығы (Округ орталығы) |
* Ескерту:
* - Шекараның бояуымен кескінделген бірдей түсті сызықпен ерекшеленеді;
** -Қызыл түстің қалың сызығымен ерекшеленеді;
*** - Қызыл түстің жұқа сызығымен баса назар аударылады және түсіндірме қолтаңба беріледі;
**** - Қоңыр сызықпен сызылады және түсіндірме қолтаңба беріледі (республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қала, қалалық типтегі ауыл.).