"Формальды емес білім беретін ұйымдарды тану және формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 537 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 қаңтарда № 33896 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына және 50-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Формальды емес білім беретін ұйымдарды тану және формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 537 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17591 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін және осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

О признании утратившим силу приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 октября 2018 года № 537 "Об утверждении Правил признания организаций, предоставляющих неформальное образование, и формирования перечня признанных организаций, предоставляющих неформальное образование"

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 9 января 2024 года № 9. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 января 2024 года № 33896

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 и пунктом 1 статьи 50 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Признать утратившим силу приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 октября 2018 года № 537 "Об утверждении Правил признания организаций, предоставляющих неформальное образование, и формирования перечня признанных организаций, предоставляющих неформальное образование" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 17591).

      2. Комитету высшего и послевузовского образования Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его размещение на интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр науки
и высшего образования
Республики Казахстан
С. Нурбек