"Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 55-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 қаңтарда № 33946 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28994 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Отандық өңделген тауарларды және көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қабылданған халықаралық міндеттемелер аясында өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, әскери және аэроғарыштық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілерді, QazVac препаратын өндірушілерді, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлер қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі өтініш берушілер, сондай-ақ өздеріне қатысты сот оларды банкрот деп тану, банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату және оңалту рәсімін қолдану туралы шешімдері заңды күшіне енген өтініш берушілер, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шарасын алуға өтінім берген жылдың алдындағы соңғы екі жылда еңбекақы төлеу қорының кемінде 10% мөлшерінде өсуге қол жеткізбеген өтініш берушілер өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдаланбайды.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген түрлер бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының жанама салықтары (қосылған құн салығы және акциздер) есепке алынбай жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалардың 9-тармағы 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшалары мен 10-тармағында 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген шығындардың бір бөлігін өтеудің жиынтық мөлшері ағымдағы қаржы (күнтізбе) жылында бір өтініш берушіге 13 000 (он үш мың) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспауы тиіс.

      Инвестициялық жобаны (инвестициялық басым жобаны және (немесе) арнайы инвестициялық жобаны) іске асыратын заңды тұлға өтініш беруші болып табылатын өтінімдерді қоспағанда, осы Қағидалардың 9-тармағының, 9) тармақшада көрсетілген түрі бойынша шығындардың бір бөлігін өтеудің шекті мөлшері:

      1) жоғарғы бөліністегі тауарлар үшін өтінім берілген жылдың алдындағы жылы қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып төленген салықтар сомасының 100% мөлшерін;

      2) орташа бөліністегі тауарлар үшін өтінім берілген жылдың алдындағы жылы қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып төленген салықтар сомасының 80% мөлшерін;

      3) төменгі бөліністер үшін өтінім берілген жылдың алдындағы жылы қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып төленген салықтар сомасының 50% мөлшерін құрайды.

      Өтінім беруші ресми өкіл (дистрибьютор)/трейдер/еншілес компания болып табылатын өтінімдер бойынша осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген түрі бойынша шығындардың бір бөлігін өтеудің шекті мөлшері:

      1) жоғарғы бөліністегі тауарлар үшін қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып, өтінім беруші мен өндіруші бірлесіп, өтінім берген жылдың алдындағы жылы төленген салықтар сомасының 100% мөлшерін;

      2) орташа бөліністегі тауарлар үшін қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып, өтінім беруші мен өндіруші бірлесіп өтінім берген жылдың алдындағы жылы төленген салықтар сомасының 80% мөлшерін;

      3) төменгі бөліністегі тауарлар үшін қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып, өтінім беруші мен өндіруші бірлесіп өтінім берген жылдың алдындағы жылы төленген салықтар сомасының 50% мөлшерін құрайды.

      Бұл ретте, өтінімдерді ағымдағы қаржы жылына бір ғана өтініш беруші (бір/бір еншілес компания, ресми өкіл (дистрибьютор/трейдер) береді.

      Осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген түрі бойынша шығындардың бір бөлігін өтеудің жиынтық мөлшері, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 303 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28283 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді (бұдан әрі – Көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім), Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28261 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді (бұдан әрі – Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім), Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 304 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28282 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді (бұдан әрі – Көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім) жасасқан өтініш берушілерді қоспағанда, ағымдағы қаржы (күнтізбе) жылында бір отандық өндірушіге (өндірілген өнімді өткізетін өтініш берушінің еншілес компаниялары мен ресми өкілдіктері (дистрибьюторлары) берген өтінімдер санына қарамастан) 75 000 (жетпіс бес мың) АЕК аспауы тиіс.

      Тауарларды өз автокөлігімен жеткізу кезінде шығындардың бір бөлігін өтеу жүрістің 1 (бір) километріне 0,04 АЕК есебінен жүргізіледі. Қашықтықты есептеу ашық көздерден, жүкті түсіру пунктінен интернет ресурстардан және халықаралық тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілген жүкті тиеу орнынан есептеледі.

      Егер өтініш беруші көліктің бірнеше түрі пайдаланылған тасымалдау шығындарын шеккен болса, онда көліктің әрбір түрі бойынша шығындардың бір бөлігі осы тармақтың шарттарына сәйкес өтелетін болады.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министірлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 1 августа 2022 года № 314-НҚ "Об утверждении Правил возмещения части затрат субъектов промышленно-инновационной деятельности по продвижению отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, а также информационно-коммуникационных услуг на внешние рынки в рамках принятых международных обязательств, перечня отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, а также информационно-коммуникационных услуг, по которым частично возмещаются затраты по их продвижению на внешние рынки"

Приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 29 января 2024 года № 55-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 января 2024 года № 33946

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 1 августа 2022 года № 314-НҚ "Об утверждении Правил возмещения части затрат субъектов промышленно-инновационной деятельности по продвижению отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, а также информационно-коммуникационных услуг на внешние рынки в рамках принятых международных обязательств, перечня отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, а также информационно-коммуникационных услуг, по которым частично возмещаются затраты по их продвижению на внешние рынки" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 28994) следующие изменения:

      в Правилах возмещения части затрат субъектов промышленно-инновационной деятельности по продвижению отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, а также информационно-коммуникационных услуг на внешние рынки в рамках принятых международных обязательств, утвержденных указанным приказом:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Мерами государственного стимулирования промышленности не пользуются заявители, пятьдесят и более процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых прямо или косвенно принадлежат государству, национальному управляющему холдингу, национальному холдингу, национальной компании (за исключением социально-предпринимательской корпорации, производителей товаров (продукции) военного и аэрокосмического назначения казахстанского происхождения, товаров (продукции) двойного назначения (применения) казахстанского происхождения, производителей препарата QazVac, предпринимателей, учрежденных в рамках договора о государственно-частном партнерстве), заявители, в отношении которых вступили в законную силу решения суда о признании их банкротами, ликвидации с возбуждением процедуры банкротства и применении реабилитационной процедуры, а также заявители, которые не достигли роста фонда оплаты труда в размере не менее 10 % за последние два года, предшествующие году подачи заявки на получение меры государственной поддержки.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Возмещение части затрат, по видам, указанным в пунктах 9 и 10 настоящих Правил, осуществляется без учета косвенных налогов (налог на добавленную стоимость и акцизы) Республики Казахстан.

      Совокупный размер возмещения части затрат по видам, указанным в подпунктах 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) пункта 9 и в подпунктах 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) пункте 10 настоящих Правил составляет 13 000 (тринадцать тысяч) месячных расчетных показателей (далее – МРП) на одного заявителя в текущем финансовом (календарном) году.

      Предельный размер возмещения части затрат по виду, указанному в подпункте 9) пункта 9 настоящих Правил, за исключением заявок, в которых заявителем является юридическое лицо, реализующее инвестиционный проект (инвестиционный приоритетный проект и (или) специальный инвестиционный проект), составляет:

      1) товары верхнего передела в размере 100 % от суммы уплаченных налогов за вычетом возврата НДС в году, предшествующем году подачи заявки;

      2) товары среднего передела в размере 80 % от суммы уплаченных налогов за вычетом возврата НДС в году, предшествующем году подачи заявки;

      3) товары нижнего передела в размере 50 % от суммы уплаченных налогов за вычетом возврата НДС в году, предшествующем году подачи заявки.

      Предельный размер возмещения части затрат по виду, указанному в подпункте 9) пункта 9 настоящих Правил по заявкам, в которых заявителем является официальный представитель (дистрибьютор)/трейдер/дочерняя компания, составляет:

      1) товары верхнего передела в размере 100 % от суммы уплаченных налогов за вычетом возврата НДС совместно заявителем и производителем в году, предшествующем году подачи заявки;

      2) товары среднего передела в размере 80 % от суммы уплаченных налогов за вычетом возврата НДС совместно заявителем и производителем в году, предшествующем году подачи заявки;

      3) товары нижнего передела в размере 50 % от суммы уплаченных налогов за вычетом возврата НДС совместно заявителем и производителем в году, предшествующем году подачи заявки.

      При этом заявки подаются только одним заявителем (одной/одним дочерней компанией, официальным представителем (дистрибьютором/трейдером) на текущий финансовый год.

      Совокупный размер возмещения части затрат по виду, указанному в подпункте 9) пункта 9 настоящих Правил, не может превышать 75 000 (семьдесят пять тысяч) МРП на одного отечественного производителя (вне зависимости от количества поданных заявок дочерними компаниями и официальными представительствами (дистрибьюторами) заявителя, реализующими произведенную продукцию) в текущем финансовом (календарном) году, за исключением заявителей, заключивших Соглашение о промышленной сборке транспортных средств с юридическими лицами Республики Казахстан, утвержденное приказом исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 мая 2022 года № 303 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 28283) (далее - Соглашение о промышленной сборке транспортных средств), Соглашение о промышленной сборке сельскохозяйственной техники с юридическими лицами Республики Казахстан, утвержденное приказом исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 27 мая 2022 года № 293 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 28261) (далее - Соглашение о промышленной сборке сельскохозяйственной техники), Соглашение о промышленной сборке компонентов к транспортным средствам и (или) сельскохозяйственной технике с юридическими лицами Республики Казахстан, утвержденное приказом исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 30 мая 2022 года № 304 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 28282) (далее - Соглашение о промышленной сборке компонентов к транспортным средствам и (или) сельскохозяйственной технике).

      Возмещение части затрат, при доставке товаров собственным автотранспортом производится из расчета 0,04 МРП на 1 (один) километр пробега. Расчет расстояния исчисляется с открытых источников, интернет ресурсов от пункта разгрузки груза и место погрузки груза, указанных в международной товарно-транспортной накладной.

      Если заявителем были понесены затраты по перевозке, в ходе которой были использованы несколько видов транспорта, то часть затрат по каждому виду транспорта будут возмещены в соответствии с условиями настоящего пункта.".

      2. Департаменту продвижения экспорта Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра торговли и интеграции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр торговли и интеграции
Республики Казахстан
А. Шаккалиев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по защите
и развитию конкуренции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности
и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан