Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді және оның үлгілік нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 30 мамырдағы № 304 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 мамырда № 28282 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

      "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелер;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімінің үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасудың қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді және оның үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 491 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21241 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті құқықтық актпен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
М. Карабаев

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы 30 мамырдағы
№ 304 Бұйрыққа
1-қосымша

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттары, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер (бұдан әрі – Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздерді айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) ауыл шаруашылығы техникасы – жекелеген операцияларды немесе технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құрал, оның ішінде техникалық жағынан күрделі тауар (бұйым);

      2) ауыл шаруашылығы техникасына құрауыш – ауыл шаруашылығы техникасы конструкциясының құрамдас бөлігі, бөлшек, торап, жинақтауыш бұйым, материал, химиялық өнім, лак-бояу өнімі және ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі үшін қажетті өзге де жиынтақтауыш;

      3) көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру – көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарының өндірушімен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарын өндіру бойынша технологиялық операциялар мен талаптарды орындауды қосатын, көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарының сериялық өндірісінің жүйесі;

      4) көлік құралы – ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, адамдарды, жүктерді немесе өзінде орнатылған жабдықты тасымалдауға арналған құрылғы, оның ішінде техникалық жағынан күрделі тауар (бұйым);

      5) көлік құралына құрауыш – көлік құралы конструкциясының құрамдас бөлігі, бөлшек, торап, жиынтақтаушы бұйым, материал, химиялық өнім, лак-бояу өнімі және көлік құралының өндірісі үшін қажетті өзге де жиынтақтауыштар;

      6) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) мен Қазақстан Республикасының көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарының өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғасы (бұдан әрі - өндіруші) арасында азаматтық заңнамаға, Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарына және осы Қағидаларға сәйкес жасалатын азаматтық-құқықтық шарт.

      3. Келісімді өндіруші осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, осындай келісімнің үлгілік нысаны негізінде жиырма жыл мерзімге көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастың үлгілерінің (түрлерінің) атауын көрсете отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) әрбір коды бойынша жасайды.

2-тарау. Келісім жасасу тәртібі мен шарттары

      4. Ішкі құжатпен бекітілген Көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына технологиялық операцияларды орындау жөніндегі шарттарға және құрауыштарды өндіру жөніндегі талаптарға сәйкес келген кезде өндірушімен келісім жасалады.

      5. Келісім жасасу үшін өндіруші уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді іске асырудың жоспар-кестесінің жобасын (бұдан әрі - жоспар-кесте) қоса бере отырып, еркін нысанда, технологиялық операциялар мен талаптарды ескере отырып қалыптастырылатын жазбаша өтініш жібереді.

      6. Уәкілетті орган өндірушіден жазбаша өтініш алғаннан кейін жиырма жұмыс күні ішінде жоспар-кесте жобасында мәлімделген көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына ұқсас құрамдастар бойынша жасалған келісімдердің болуын, өндірістік қуаттардың жүктелуін және құрамдастар нарығының көлік құралдарына және (немесе) көлік құралдарына көлемін ескере отырып, өндіруші ұсынған осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген құжаттарды қарайды және келісім жасасу туралы немесе осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайларда келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      7. Өндіруші келісім және жоспар-кесте жобаларын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға келісім және жоспар-кесте жобаларының өндірушінің қолымен расталған даналарын не келісім жасасудан дәлелді бас тарту туралы хабарламаны жібереді.

      8. Уәкілетті органға осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мерзімде келісім мен жоспар-кесте жобаларының өндірушінің қолымен куәландырылған даналары ұсынылмаған жағдайда, өндіруші келісім жасасудан бас тартқан болып есептеледі.

      9. Келісім жобасының және жоспар-кестенің даналарын алғаннан кейін уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде келісімге және жоспар-кестеге қол қояды, тіркейді, сондай-ақ бір данасын өндірушіге жібереді.

      Жасалған келісімдерді есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      10. Өндірушімен мынадай:

      1) осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған;

      2) өндіруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің), оның ішінде комиссияның тексеруі нәтижесінде сәйкессіздігі анықталған;

      3) жоспар-кесте жобасында мәлімделген көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына ұқсас құрамдастардыңтер типтері (түрлері) бойынша жасалған келісімдердің болуы жағдайларында келісім жасасудан бас тартылады.

3-тарау. Келісімді өзгерту және бұзу тәртібі

      11. Келісімге мынадай негіздер бойынша:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына өндірушінің қызметіне қатысты өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде;

      2) заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.

      12. Келісім:

      1) тараптардың келісімі бойынша;

      2) өндіруші анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес уәкілетті органның бастамасы бойынша біржақты тәртіппен хабарлама жіберілген кезден бастап үш ай мерзімде жоймаған кезде;

      3) келісімді бұзудың болжамды күніне дейін отыз жұмыс күні бұрын уәкілетті органды алдын ала хабардар ете отырып, өндірушінің бастамасы бойынша бұзылады.

      13. Өндіруші Келісімнің талаптарын орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты Келісімді бұзған кезде өндіруші Келісім жасалған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша ұсынылған жеңілдіктерді өтейді.

      Келісім өндірушінің бастамасы бойынша бұзылған кезде, өндіруші өз міндеттемелерін бұзған күні орындаған жағдайда, Келісім жасалған күннен бастап өндірушіге берілген жеңілдіктерді өтеу жүргізілмейді және өндіруші өз міндеттемелерін орындады деп есептеледі.

      14. Келісімдер жасасу шарттарының сақталуын және осындай келісімдер шеңберінде заңды тұлғалар қабылдаған міндеттемелердің орындалуын бақылау мақсатында уәкілетті орган жұмыс істеп тұрған өндірістерге қатысты комиссияның көшпелі тексеруін ұйымдастырады.

      Көшпелі комиссия қажет болған жағдайда мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, уәкілетті орган қызметкерлерінің қатарынан (бұдан әрі – комиссия) қалыптастырылады.

      Көшпелі тексеру қорытындылары бойынша комиссия осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған құжаттардың сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы көшпелі комиссияның хаттамалық шешімін қабылдайды және оны көшпелі тексеру жүзеге асырылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өндірушіге жібереді.

      Қағидалардың 6-тармағына сәйкес көшпелі тексеруді ұйымдастыру мерзімдері уәкілетті органның осы өндіруші ұсынған 5-тармағына сәйкес құжаттарды қарау мерзіміне енгізіледі.

      15. Көшпелі комиссияның ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы хаттамалық шешімі қабылданған жағдайда, уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде өндірушіге мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада Келісім жобасын және жоспар-кестені жібереді.

      Ұсынылған құжаттардың сәйкес еместігі туралы көшпелі комиссияның хаттамалық шешімі қабылданған жағдайда, уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде өндірушіге Келісім жасасудан жазбаша бас тартуды жібереді.

      16. Көшпелі тексеру уәкілетті органның хабарламасы негізінде жылына екі реттен артық жүзеге асырылады.

      17. Уәкілетті орган кемінде үш жұмыс күні бұрын хабарлама жібере отырып, өндірушіні өндіріс орнына көшпелі тексеру жүргізілгені туралы ресми хабардар етеді.

      18. Тексеруді жүзеге асыру алдында комиссия тексерілетін кәсіпорынның басшысына немесе оны алмастыратын адамға тексеру жүргізуге оның өкілеттігін растайтын хабарлама ұсынады.

      19. Комиссия технологиялық процестерге сәйкес өнімді дайындау үшін қажетті жабдықтың, технологиялық жарақтың болуын және жұмыс қабілеттілігін тексереді, сондай-ақ 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде келісім жасасу кезінде өндірушіге көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастардыңтер өндірісін оқшауландыруды бағалауды растауды (бұдан әрі - растау-хаты) жібереді.

      20. Комиссия мүшелері тексеру жүргізу кезінде мыналарды жүзеге асырады:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті тексеру актісіне (бұдан әрі - акт) материалдарды бекіту үшін Келісім шеңберінде өндірушіге жүктелген өндірістің негізгі процесін және технологиялық және өзге де операцияларды орындауды фото-бейне тіркеуді жүргізу;

      2) өндіріс процесіне байланысты құжаттаманы сұрату және тексеру;

      3) тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша басшылардан және басқа да қызметкерлерден жазбаша түсініктемелер сұрату және алу.

      Қоса берілген фото-бейне материалдар, сұратылған құжаттама және жазбаша түсініктемелер үшінші тұлғаларға таратуға жатпайды және комиссияның уәкілетті органында қатаң сақталады.

      21. Уәкілетті орган көшпелі тексеру қорытындылары бойынша акт жасайды және оны өндірушіге бес жұмыс күні ішінде жібереді.

      Өндіруші тексеру қорытындылары бойынша барлық талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган өндірушіге растау-хат жібереді.

      Тексеру нәтижелері бойынша өндіруші бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, өндіруші бұзушылықтарды акт жіберілген кезден бастап үш ай мерзімде жоюға міндетті. Бұзушылықтарды жойғаннан кейін уәкілетті орган өндірушіге растау-хат жібереді.

      Өндіруші анықталған бұзушылықтарды үш ай мерзімде жоймаған жағдайда, Келісім осы Қағидалардың 12-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұзылады.

      22. Растау хатын өзектендіру өндірушінің уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсына отырып, жазбаша өтініші бойынша және жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды, оның қорытындысы бойынша жаңартылған растау хатын береді немесе өндіруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) сәйкес еместігі анықталған жағдайда, өндірушіні растау хатын жаңартудан бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.

  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен көлік
құралдарына және (немесе)
ауыл шаруашылығы
техникасына құрамдастарды
өнеркәсіптік құрастыру туралы
келісімді жасасу қағидалары мен
шарттарын, сондай-ақ өзгерту
және бұзу үшін негіздерге
1-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімін жүзеге асырудың жоспар-кестесі

ЕАЭО СЭҚ ТН* коды

Көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастардың атауы

Көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастардың өндіру бойынша технологиялық операциялар мен талаптар

Орындау мерзімдері

1

2

3

4

5










      Ескертпе:

      * ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы.

Уәкілетті орган
____________________

Өндіруші
________________________

____________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (бар болса)

_________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (бар болса)

      Күні 20__ жылғы "___" _______

  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен көлік
құралдарына және (немесе)
ауыл шаруашылығы
техникасына құрамдастарды
өнеркәсіптік құрастыру туралы
келісімді жасасу қағидалары мен
шарттарын, сондай-ақ өзгерту
және бұзу үшін негіздерге
2-қосымша
  Нысан

Ұсынылған құжаттардың сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы көшпелі комиссияның хаттамалық шешімі

      ___________________________________________________________,

      (өндірушінің атауы)

      мекенжайы бойынша орналасқан ______________________
Біз, төменде қол қойған комиссия мүшелері, сыртқы экономикалық қызметтің тауар
номенклатурасының коды бойынша көлік құралдарының өндірісін тексеруді жүзеге асырдық.
Тексеру шеңберінде мыналар анықталды:
1.____________
2.____________
3.____________
Көшпелі тексеру қорытындысы бойынша Комиссия мынадай шешім қабылдады:
____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
_______________
(қолы)
____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
_______________
(қолы)
_____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
_______________
(қолы)
Қорытындының күні мен нөмірі: 20__ жылғы "__" _______ №__

  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен көлік
құралдарына және (немесе)
ауыл шаруашылығы
техникасына құрамдастарды
өнеркәсіптік құрастыру туралы
келісімді жасасу қағидалары мен
шарттарын, сондай-ақ өзгерту
және бұзу үшін негіздерге
3-қосымша
 
Нысан

Өндірісті тексеру туралы қорытынды

      ____________________________ кәсіпорнының ____________________
(өндірушінің атауы) (өнім түрін көрсету)
өндірісін ___________ №______ тексеру актісі негізінде
(бұдан әрі - Кәсіпорын) Көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастардыңтерін,
ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) олардың құрамдастарды өнеркәсіптік
құрастыру туралы келісім шеңберінде Кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындауын
растаймыз (растамаймыз).
Осы Қорытындымен мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық және Қазақстан
Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария
етпеуге кепілдік береміз және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
жағдайларда мемлекеттік органдарды қоспағанда, мәліметтерді жеке мақсаттарда
пайдаланбауға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға бермеуге міндеттенеміз.
Комиссия мүшелері:

      ____________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы) (қолы)
Комиссия төрағасы
_______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен көлік
құралдарына және (немесе)
ауыл шаруашылығы
техникасына құрамдастарды
өнеркәсіптік құрастыру туралы
келісімді жасасу қағидалары мен
шарттарын, сондай-ақ өзгерту
және бұзу үшін негіздерге
4-қосымша
 
Нысан

Өндірісті тексеру актісі

      Күні 20__ жылғы "__" _______ №____
Біз, төменде қол қойған комиссия мүшелері, көлік құралдарының және (немесе) олардың
құрамдастардың, ауыл шаруашылығы техникасының және (немесе) олардың
құрамдастардың өндірісін тексеруді жүзеге асырдық (қажетінің асты сызылсын):
___________________________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы) (қолы)
_____________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан
__________________________________________________________________,
(өндірушінің атауы)
кәсіпорынды тексерудің осы актісін жасадық.
Тексеру актісіне кәсіпорындағы өндірістік процестің фото-бейне материалдары қоса
беріледі.
Өтініш берушінің өз міндеттемелерін орындауы (орындамауы) туралы белгі (сипаттамасы):
____________________________________________________________
Комиссия төрағасы ______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы 30 мамырдағы
№ 304 Бұйрыққа
2-қосымша

      Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісіміне үлгілік нысан

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім

      (ЕАЭО СЭҚ ТН коды_________. __________________________________.)
(ЕАЭО СЭҚ ТН коды бойынша атауы)


      ______________ қ. _________________
(күні, айы, жылы)

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе)
ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы осы келісім
(бұдан әрі - Келісім) бұдан әрі Тараптар деп аталатын
______________________________________________________________ атынан
(уәкілетті органның атауы)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(өкілеттігін растайтын құжат)
____________________________________________________________________
(басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
(бұдан әрі - Уәкілетті орган) және
_____________________________________________________________ атынан
(Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(өкілеттігін растайтын құжат)
бірінші басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
(бұдан әрі – Өндіруші), бұдан әрі Тараптар деп аталатындар, мыналарды:
1) Уәкілетті органға осы Келісімді жасасуға және оның орындалуын бақылауға тікелей байланысты құқықтар берілгенін;

      2) Тараптар Келісімнің шарттарын іске асыру кезінде оның өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласқанын назарға ала отырып, төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты.

1-тарау. Келісімнің мәні

      1. Осы Келісімнің мәні Тараптардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қолдауын ескере отырып, көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастардың өнеркәсіптік құрастыру кезінде көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өндіруді дамытуға бағытталған өзара міндеттемелерді белгілеу және іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылы болып табылады.

      2. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы нашарлату жағына қарай өзгерген жағдайда келісім күшіне енген кезде қолданылатын заңнамалар нормалары қолданылады.

      3. Келісім қосымшаға сәйкес келісімді іске асыру жоспар-кестесінде (бұдан әрі – жоспар-кесте) көрсетілген көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамдастарына қолданылады.

2-тарау. Тараптардың міндеттері мен құқықтары

      4. Өндіруші:

      1) жоспар-кестеге сәйкес келісімді іске асыруды іске асыруға міндетті;

      2) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өзі қабылдаған міндеттемелерді орындау жөніндегі барлық қажетті құжаттарды ұсынуға, сондай-ақ комиссияның көшпелі тексеруі кезінде өндірістік қуаттарды және (немесе) жүзеге асырылатын технологиялық операцияларды көрсетуге;

      3) анықталған бұзушылықтар жойылған кезде Уәкілетті органға үш ай мерзім ішінде растайтын құжаттарды ұсына отырып, оларды жою туралы хабарлама жіберуге;

      4) есепті айдан кейінгі әрбір айдың 10-күніне дейін уәкілетті органға атауын және құнын көрсете отырып, көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына шығарылған құрамдастардың саны туралы есеппен шығару көлемі туралы мәліметтерді (кәсіпорынның паспорты) ұсынуға;

      5) есепті жылдан кейінгі әрбір күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуға;

      келісім кезеңдерін іске асырудың жоспар-кестесінің орындалуы туралы мәліметтерге;

      саны мен атауын көрсете отырып, көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына шығарылған құрамдастардың саны туралы есебі бар шығару көлемі туралы мәліметтерге (кәсіпорынның паспорты);

      6) әрбір 3 жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін уәкілетті органға жоспар-кестеге сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастардың өндірілгенін растайтын құжаттарды ұсынуға міндеттенеді.

      5. Уәкілетті орган:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізбеуге;

      2) Келісімнің іске асырылуын бақылауға;

      3) Уәкілетті орган тексеру жүргізгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде өндірушіге келісім шеңберінде қабылданған міндеттемелерді өндірушінің орындауы, орындамауы немесе тиісінше орындамауы туралы хаттамалық шешім ұсынуға міндеттенеді.

      6. Өндіруші:

      1) өзіне алған міндеттемелерді іске асыру үшін Келісімнің шарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін іс-қимылдарды қабылдауға міндетті;

      2) уәкілетті органға келісімдер жасасқан өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізуге қатысты ұсыныстар жіберуге құқылы;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құқықтарын қорғауғаға және:

      мемлекеттік билік органдарының заңдарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) келтірілген актіні шығару нәтижесінде;

      уәкілетті органның осы Келісім бойынша міндеттемелерді бұзуы нәтижесінде келтірілген залалдарды толық өтеуді талап етуге құқылы.

      7. Уәкілетті орган:

      1) Келісімді орындау бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;

      2) Осы Келісімде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мақсатында жылына екі реттен асырмай көшпелі тексерулерді жүзеге асыруға;

      3) келісім жасасқан өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізуге қатысты ұсыныстар әзірлеуге және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынуға;

      4) өндірушімен келісім бойынша келісімді іске асырудың жоспар-кестесіне өзгерістер енгізу құқықтары бар.

3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі және Келісімді бұзу

      8. Келісімді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар осы Келісімге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      9. Келісім орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда Уәкілетті орган өндірушіге анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы жазбаша нысанда хабарлама жібереді.

      Бұзушылықтарды жоюды өндіруші хабарламаны алған күннен бастап үш ай мерзімде жүзеге асырады.

      10. Тараптар:

      1) Тараптардың келісімі бойынша;

      2) өндіруші осы Қелісімнің 9-тармағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды хабарламада көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда бір жақты тәртіппен Уәкілетті органның бастамасы бойынша;

      3) еңсерілмейтін күш жағдайлар болғанда осы Келісімді мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.

      11. Уәкілетті орган осы Келісімді бұзудың болжанатын күніне дейін 30 (отыз) жұмыс күні бұрын Өндірушіге жазбаша түрде ескертіп, осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзуға құқылы:

      1) Өндіруші Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы;

      2) Өндіруші келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамауынан немесе тиісінше орындамауынан туындаған бұзушылықтарды осындай бұзушылықтар туралы Уәкілетті органның хабарламасында көрсетілген мерзімде жоймау.

      Уәкілетті орган Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Өндіруші Уәкілетті органды Келісім бұзылған күнге дейін 30 (отыз) жұмыс күні бұрын жазбаша түрде ескертіп, осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.

4-тарау. Еңсерілмейтін күш

      12. Егер келісім бойынша міндеттемелерді орындамау немесе орындауда кідіріс еңсерілмейтін күш жағдайында туындаған болса, Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамағаны үшін Тараптардың ешқайсысы жауапты болмайды.

      13. Еңсерілмейтін күш жағдайларға әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалалар (өрттер, ірі авариялар, коммуникациялардың бұзылуы және тағы сол сияқтылар) мен өзге де төтенше және алдын алу мүмкін емес жағдайлар жатады.

      14. Еңсерілмейтін күш жағдайлар туындаған кезде, олардан зардап шеккен тарап форс-мажор туындаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде екінші Тарапқа еңсерілмейтін күш жағдайлардың басталу күнін және оның мән-жайларын сипаттай отырып, жазбаша хабарлама тапсыру арқылы хабарлайды.

      15. Еңсерілмейтін күш жағдайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайды шешу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай жағдайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.

5-тарау. Құпиялылық

      16. Тараптар Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Келісімді іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпараттар мен есептер бойынша құпиялылық шарттарын сақтайды.

      17. Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың жазбаша келісімін алмай, келісімнің мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпия деп есептелетін және мынадай:

      1) ақпарат сот талқылауы барысында пайдаланылатын;

      2) ақпарат келісім бойынша Тараптардың бірінің қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға берілген жағдайда, мұндай үшінші тұлға осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау және оны тараптар белгілеген мақсаттарда және тараптар белгілеген мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған;

      3) ақпарат банкке немесе келісім бойынша тарап қаржы қаражатын алатын өзге қаржы ұйымына берілсе, мұндай банк немесе қаржы ұйымы осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау міндеттемесін өзіне алған;

      4) ақпарат Өндірушінің кез келген банктік шоттарына қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ашылған кез келген ақпаратқа, оның ішінде банктік құпия болып табылатын ақпаратқа рұқсаты бар Қазақстан Республикасының салық немесе өзге де мемлекеттік органдарына берілген жағдайлардан басқа осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты өзге де ақпаратты ашуға құқылы емес.

6-тарау. Дауларды реттеу

      18. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.

      19. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шешіледі.

7-тарау. Қорытынды ережелер, келісімнің күшіне енуі және қолданысын тоқтатуы

      20. Осы Келісім ұзарту мүмкіндігімен 20 (жиырма) жылға жасалды және ___________ жылға дейін қолданылады.

      21. ______ қаласында ___ "___" _________ ______ әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар екі данада, тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан жасалды. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

Уәкілетті орган
________________________

Өндіруші
________________________

_______________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (бар болса)

____________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (бар болса)

  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен
көлік құралдарына және
(немесе) ауыл шаруашылығы
техникасына құрамдастарды
өнеркәсіптік құрастыру туралы
келісіміне үлгілік нысанына
қосымша

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімін жүзеге асырудың жоспар-кестесі

ЕАЭО СЭҚ ТН* коды

Көлік құралына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрауыштың атауы

Көлік құралына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрауыш өндіру жөніндегі технологиялық операциялар

Орындау мерзімдері

1

2

3

4

5










      Ескертпе:

      * ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы.

Уәкілетті орган
_______________________

Өндіруші
_____________________

_______________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (бар болса)

____________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (бар болса)



      Күні 20__ жылғы "___" _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады