"Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 ақпанда № 33970 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20213 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларында:

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. ЗЭШ-тен жоғары саяқ көк қасқа шегірткелер қоныстанған орындарға химиялық өңдеу жүргізу үшін арнайы техникаға қажеттілікті есептеу ауа-райы-климаттық, географиялық жағдайлар мен жергілікті жер бедерін ескере отырып, күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн ішінде мынадай өндіру нормасымен жүзеге асырылады:

      аса жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 1500 гектар;

      жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 1200 гектар;

      пилотсыз авиациялық жүйелер бойынша – тәулігіне 50 гектар;

      барлық типтегі аэрозольдық генераторлар бойынша – тәулігіне 750 гектар;

      жерүсті желдеткішті және штангалық бүріккіштер бойынша – тәулігіне 100 гектар;

      барлық модификациядағы жерүсті атомайзерлік, ультра аз көлемді бүріккіштер бойынша – тәулігіне 150 гектар;

      аспалы бүріккіштер бойынша – тәулігіне 5 гектар.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Үйірлі көк қасқа шегірткелерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін арнайы техникаға қажеттілікті есептеу ауа-райы-климаттық, географиялық жағдайлар мен жергілікті жер бедерін ескере отырып, күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн ішінде мынадай өндіру нормасымен жүзеге асырылады:

      аса жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 1500 гектар;

      жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 1200 гектар;

      пилотсыз авиациялық жүйелер бойынша – тәулігіне 50 гектар;

      барлық типтегі аэрозольдық генераторлар бойынша – тәулігіне 750 гектар;

      жерүсті желдеткішті және штангалық бүріккіштер бойынша – тәулігіне 100 гектар;

      барлық модификациядағы жерүсті атомайзерлік, ультра аз көлемді бүріккіштер бойынша – тәулігіне 150 гектар;

      аспалы бүріккіштер бойынша – тәулігіне 5 гектар.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2020 года № 100 "Об утверждении Перечня вредных организмов, борьба с которыми осуществляется за счет бюджетных средств, и Правил проведения фитосанитарных мероприятий"

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 2 февраля 2024 года № 39. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 февраля 2024 года № 33970

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2020 года № 100 "Об утверждении Перечня вредных организмов, борьба с которыми осуществляется за счет бюджетных средств, и Правил проведения фитосанитарных мероприятий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 20213) следующие изменения:

      в Правилах проведения фитосанитарных мероприятий, утвержденных указанным приказом:

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Расчет потребности в специальной технике для проведения химических обработок мест заселения нестадными саранчовыми выше ЭПВ осуществляется с учетом погодно-климатических, географических условий и рельефа местности в течение 23 (двадцати трех) календарных дней, с нормой выработки:

      по судам сверхлегкой авиации – 1 500 гектаров за сутки;

      по судам легкой авиации – 1 200 гектаров за сутки;

      по беспилотным авиационным системам – 50 гектаров за сутки;

      по аэрозольным генераторам всех типов – 750 гектаров за сутки;

      по наземным вентиляторным и штанговым опрыскивателям – 100 гектаров за сутки;

      по наземным атомайзерным, ультрамалообъемным опрыскивателям всех модификаций – 150 гектаров за сутки;

      по ранцевым опрыскивателям – 5 гектаров за сутки.";

      пункт 26 изложить в следующей редакции:

      "26. Расчет потребности в специальной технике для проведения химических обработок против стадных саранчовых (азиатская, мароккская и итальянский прус) осуществляется с учетом погодно-климатических, географических условий и рельефа местности в течение 23 (двадцати трех) календарных дней, с нормой выработки:

      по судам сверхлегкой авиации – 1 500 гектаров за сутки;

      по судам легкой авиации – 1 200 гектаров за сутки;

      по беспилотным авиационным системам – 50 гектаров за сутки;

      по аэрозольным генераторам всех типов – 750 гектаров за сутки;

      по наземным вентиляторным и штанговым опрыскивателям – 100 гектаров за сутки;

      по наземным атомайзерным, ультрамалообъемным опрыскивателям всех модификаций – 150 гектаров за сутки;

      по ранцевым опрыскивателям – 5 гектаров за сутки.".

      2. Комитету государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
А. Сапаров

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан