Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20213 болып тіркелді.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кірспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 10.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 19 наурыздағы
№ 100 бұйрығына
1-қосымша

Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесі

      Саяқ шегіртке тұқымдастар (тәлімі жер шегірткесі, кіші айқышты саяқ шегіртке, дала атшығы, Фишер саяқ шегірткесі, саяқ шегірткелер: атбасарлық, ақ жолақты, қанатсыз немесе жаяу, айқышты, сібірлік, далалық, қара қанатты, қара жолақты).

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 19 наурыздағы
№ 100 бұйрығына
2-қосымша

Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 6-1) тармақшасына, "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 10.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аса қауiптi зиянды организмдер – оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және "Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11739 болып тіркелген) бекітілген аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары;

      2) зиянды организмдер – топыраққа, өсiмдiкке және ауыл шаруашылығы өнiмiне терiс әсер ететiн зиянкестер, арамшөптер және өсiмдiктердiң аурулары;

      3) зиян тигiзудiң экономикалық шегi (бұдан әрі – ЗЭШ) – зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң ысырабын туғызатын, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудi қажет ететiн саны;

      4) пестицидтер – зиянды және аса қауiптi зиянды организмдерге, карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерге, сақталатын ауыл шаруашылығы өнімінің зиянкестеріне қарсы күрес үшін, сондай-ақ тұқымдарды дәрілеу, егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық және (немесе) биологиялық препараттар (инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, өнуге қарсы құралдар және өсімдіктердің өсуін реттеушілер, дефиолианттар, десиканттар);

      5) өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өсімдіктерді қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) өнім беруші – тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның контрагенті ретiнде әрекет ететiн, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум);

      7) фитосанитариялық болжам – фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудiң мерзiмдерi мен көлемдерiн жоспарлау мақсатында зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң ықтимал таралуы мен дамуы дәрежесiн алдын ала айқындау;

      8) фитосанитариялық мониторинг – зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердi зерттеудi, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негiзiнде фитосанитариялық болжам әзiрлеудi қамтитын iс-шаралар жүйесi;

      9) фитосанитариялық нормативтер – фитосанитариялық iс-шаралар көлемiн анықтау үшiн пайдаланылатын белгiленген шамалар параметрлерi;

      10) фитосанитариялық iс-шаралар – зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң саны ЗЭШ-төмен мен зиян тигiзуiн азайтуды қамтамасыз ететiн шаралар кешенi.

2-тарау. Фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Әдістемелік орталық) алдыңғы жылы жүргізген жазғы-күзгі зерттеулер негізінде құрастыратын тиісті облыс (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағында фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу көлемі бойынша фитосанитариялық болжамның деректері фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге арналған тиісті бюджеттік бағдарлама енгізуге негізгі өлшем болып табылады.

      Фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізу көлемі бойынша фитосанитариялық болжам үшін қызметі мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалардың да (бұдан әрі – субъектілер) фитосанитариялық мониторингтің деректері ескеріледі.

      4. Химиялық өңдеуге жататын алаң ЗЭШ мәндеріне сәйкес айқындалады және Әдістемелік орталық деректер беретін негізде құралады:

      саяқ шегіртке тұқымдастары үшін 1 шаршы метрге 8 және одан да көп дернәсіл;

      зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер үшін "Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11913 болып тіркелген) сәйкес фитосанитариялық нормативтерді (бұдан әрі – фитосанитариялық нормативтер) құрайды.

      5. Зиянды және аса қауiптi зиянды организмдер қоныстанған орындарды анықтау жөніндегі фитосанитариялық мониторингті зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуы кезеңінде Әдістемелік орталық тұрақты негізде жүзеге асырады.

      6. Субъектілер өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингтi жүзеге асыруға және ЗЭШ-ден көп зиянды және аса қауiптi зиянды организмдер анықталған жағдайда үйірлі шегірткетектестер (азиялық, марокколық және итальяндық прус) және саяқ шегірткетектестерді қоспағанда, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзеді.

      7. Зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуді үйірлі шегірткетектестер (азиялық, марокколық және итальяндық прус) және саяқ шегірткетектестерді қоспағанда субъектілер өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.

      8. Субъектілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын фитосанитариялық іс-шаралар осы Қағидалардың 13 және 23-тармақшаларында көрсетілген зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуді үйірлі шегірткетектестер (азиялық, марокколық және итальяндық прус) және саяқ шегірткетектестерді қоспағанда, зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізуді қамтиды.

      9. Зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтермен жүзеге асырылады.

      10. Зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің, қорғалатын дақылдың және (немесе) екпелердің даму фенологиясын есепке алу жөніндегі жүйелік байқаулар негізінде Әдістемелік орталық субъектілерді, жергілікті атқарушы органдарды және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері аумақтарға зерттеу жүргізу қажеттілігі және қорғау іс-шараларын жүргізу мерзімдері туралы жедел құлақтандыру (сигналдық хабарлау) жүргізеді.

      11. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне бақылауды уәкілетті органның ведомствасымен және (немесе) оның аумақтық инспекцияларымен жүзеге асырады.

1-параграф. Саяқ шегірткетектестерге қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

      12. Саны ЗЭШ-ден жоғары саяқ шегірткетектестерге қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізуді облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.

      13. Саяқ шегірткетектестерге қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шаралар пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау, саны ЗЭШ-інен жоғары саяқ шегірткетектестер қоныстанған орындарды химиялық өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды облыс бюджетінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті қаржы жылына арналған бюджетінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жергілікті алқалы орган бекіткен облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

      14. Саяқ шегірткетектестерге қарсы күресті әр түрі бойынша жүргізуге арналған бюджет қаражаты Әдістемелік орталық беретін, облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) уәкілетті органның ведомствасының аумақтық инспекциясымен келісілген және жергілікті атқарушы орган бекітетін болжанып отырған өңдеу көлемдері негізінде жоспарланады.

      15. Пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау, саны ЗЭШ-тен жоғары саяқ шегірткетектестер қоныстанған орындарды химиялық өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жергілікті атқарушы органдар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу туралы заң) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу қағидалары) сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 10.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Саны ЗЭШ-інен жоғары саяқ шегірткетектестер қоныстанған орындарды химиялық өңдеуді, пестицидтерді сақтауды және жұмыстар орындалатын орындарға дейін жеткізуді химиялық өңдеулерді жүргізу алдында өнім берушілер Заңның 6-бабы 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттің талаптарымен жүзеге асырады.

      17. Саяқ шегірткетектестерге қарсы химиялық өңдеу жүргізу жөніндегі алаңдар ЗЭШ мәндеріне сәйкес айқындалады және Әдістемелік орталық деректерінің негізінде облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) уәкілетті органның ведомствасының аумақтық бөлімшесімен келісіледі және жергілікті атқарушы органдарға ұсынылады.

      18. Саяқ шегірткетектестер ЗЭШ-ден көп қоныстанған орындарға химиялық өңдеу жүргізуді саяқ шегірткетектестердің түрлері бойынша өңдеулердің оңтайлы мерзімдерінде өнім берушілер мекендеу орындарын авиация және (немесе) жер үсті тәсілімен бүрку арқылы жүзеге асырады.

      19. ЗЭШ-тен жоғары саяқ көк қасқа шегірткелер қоныстанған орындарға химиялық өңдеу жүргізу үшін арнайы техникаға қажеттілікті есептеу ауа-райы-климаттық, географиялық жағдайлар мен жергілікті жер бедерін ескере отырып, күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн ішінде мынадай өндіру нормасымен жүзеге асырылады:

      аса жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 1500 гектар;

      жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 1200 гектар;

      пилотсыз авиациялық жүйелер бойынша – тәулігіне 50 гектар;

      барлық типтегі аэрозольдық генераторлар бойынша – тәулігіне 750 гектар;

      жерүсті желдеткішті және штангалық бүріккіштер бойынша – тәулігіне 100 гектар;

      барлық модификациядағы жерүсті атомайзерлік, ультра аз көлемді бүріккіштер бойынша – тәулігіне 150 гектар;

      аспалы бүріккіштер бойынша – тәулігіне 5 гектар.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2024 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Тиісті жылы саяқ шегірткетектестер ЗЭШ-ден жоғары мекендеген нақты алаң осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша зерттеу актілерімен расталады.

      21. Зерттеу актісіне жергілікті атқарушы орган құрған мынадай құрамдағы комиссия (бұдан әрі – комиссия): комиссия төрағасы – жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы (немесе оның орынбасары), комиссия мүшелері – өсімдіктерді қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органның және субъектілердің мамандары зерттеу аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қол қояды.

      Бұл ретте босалқы жерлерді зерттеу кезінде комиссия құрамына Әдістемелік орталықтың өкілі және жер қатынастары саласындағы құрылымдық бөлімшенің жергілікті атқарушы органның өкілдері енгізіледі.

2-параграф. Үйірлі шегірткетектестерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

      22. Үйірлі шегірткетектестерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру уәкілетті органның ведомствасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде жүзеге асырады.

      23. Үйірлі шегірткетектестерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шаралар:

      1) саны зиян тигізудің ЗЭШ жоғары үйірлі шегірткетектестерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін пестицидтер сатып алуды, сондай-ақ пестицидтер қорын қалыптастыруды, сақтау мен жаңартып отыруды;

      2) саны зиян тигізудің ЗЭШ жоғары үйірлі шегірткетектестерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы пестицидтерді сақтау мен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      3) саны зиян тигізудің ЗЭШ жоғары үйірлі шегірткетектестерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қоныстанған орындарға химиялық өңдеу жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қамтиды.

      24. Үйірлі шегірткетектестерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы күресті әр түрі бойынша жүргізуге арналған бюджет қаражаты Әдістемелік орталық беретін, уәкілетті орган ведомствасының облыстық аумақтық инспекциясымен келісілген өңдеу көлемдері негізінде жоспарланады.

      25. ЗЭШ-ден жоғары үйірлі шегірткетектестер (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қоныстанған алқаптарды химиялық өңдеу жөніндегі пестицидтерді сатып алуды, сондай-ақ ЗЭШ-ден жоғары үйірлі шегірткетектестерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алуды және ЗЭШ-ден жоғары үйірлі шегірткетектестер (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қоныстанған алқаптарды химиялық өңдеуді жүргізуді мемлекеттік сатып алу туралы Заңына және Мемлекеттік сатып алу қағидаларына сәйкес уәкілетті органның ведомствасы жүзеге асырады.

      26. Үйірлі көк қасқа шегірткелерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін арнайы техникаға қажеттілікті есептеу ауа-райы-климаттық, географиялық жағдайлар мен жергілікті жер бедерін ескере отырып, күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн ішінде мынадай өндіру нормасымен жүзеге асырылады:

      аса жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 1500 гектар;

      жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 1200 гектар;

      пилотсыз авиациялық жүйелер бойынша – тәулігіне 50 гектар;

      барлық типтегі аэрозольдық генераторлар бойынша – тәулігіне 750 гектар;

      жерүсті желдеткішті және штангалық бүріккіштер бойынша – тәулігіне 100 гектар;

      барлық модификациядағы жерүсті атомайзерлік, ультра аз көлемді бүріккіштер бойынша – тәулігіне 150 гектар;

      аспалы бүріккіштер бойынша – тәулігіне 5 гектар.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2024 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Саны ЗЭШ-ден жоғары үйірлі шегірткетектестерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы химиялық өңдеу жүргізуге арналған пестицидтерді сақтау орталықпен, сондай-ақ өңірлерде қойма үй-жайлары болған кезде пестицидтерді сақтау жөніндегі қызметтерді жеткізушілер Заңның 6-бабы 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентпен жүзеге асырады.

      28. Фитосанитариялық нормативтерді ескере отырып, үйірлі шегірткетектестер (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қоныстандыру орындарын химиялық өңдеу жөніндегі қызметтерді жеткізушілер оңтайлы мерзімде авиация немесе жер үсті тәсілімен бүрку арқылы жүзеге асырады.

      29. Үйірлі шегірткетектестерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы химиялық өңдеу жүргізу жөніндегі алаңдар ЗЭШ мәндеріне сәйкес айқындалады және Әдістемелік орталық деректерінің негізінде жергілікті атқарушы орган келісіледі және уәкілетті органның ведомствасына ұсынылады.

  Фитосанитариялық іс-шаралар
жүргізу қағидаларына
қосымша

Зерттеу актісі

      20__ жылғы "__"___________ №_____

      ___________________________

      (акт жасалған орын)

      Комиссиямен құрылған ____________________________________________________

      (кімнің шешімімен құрылғаны, шешімнің күні мен нөмірі көрсетілсін)

      төмендегідей туралы осы актіні жасады:

Ауылдық округтің атауы

Зиянды организмнің атауы

Зерттелген алаң, гектар

Залалданған алаң, гектар

Өңделуі тиіс, гектар

барлығы

экономикалық зияндылық шегінен жоғары

1

2

3

4

5

6







Барлығы






      Комиссия төрағасы ________________________________________

      (қолы, (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Комиссия мүшелері ________________________________________

      (қолы, (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Жеке немесе заңды тұлға/Өкіл* _______________________________________________

      (Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) немесе заңды тұлғаның атауы)/(қолы, (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

      Ескертпе: * – босалқы жерлерді зерттеу кезінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесінің өкілі және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жер қатынастары саласындағы функцияны жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі қол қояды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады