"Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 8 ақпанда № 33986 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17459 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдерге сараптама жүргізу қағидалары:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өтінім сараптама ұйымының кеңсесі, сараптама ұйымының ресми сайты www.kazpatent.kz (бұдан әрі – сараптама ұйымының сайты) немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы беріледі.

      Өтінім:

      Өтініш берушіні, сондай-ақ оның орналасқан немесе тұратын мекен-жайы көрсетілген сараптама жасау өтінішін;

      берілетін белгі;

      ТКҚХС-на сәйкес тауарлар және (немесе) қызметтер тізімін қамтуға тиіс.

      Өтінімге:

      сараптама жасау бойынша қызметі үшін төлемді растайтын құжат көшірмесі;

      іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхаттың көшірмесі;

      ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) қоса берілу тиiс.

      жеделдетілген сараптама жүргізу туралы өтінішхат (сұраған кезде).

      Өтінім осы Қағидаларға 1-қосымшаға тиісті түрде берілуі тиіс. Қағаз жүзіндегі өтінім екі данада беріледі.

      Өтінімге жеделдетілген сараптама жүргізу туралы өтінішхатты өтінім беруші өтінім берген кезде береді. Өтінішхатпен бір мезгілде өтінімді жеделдетілген түрде қарау үшін белгіленген төлемді растайтын құжат ұсынылады. Белгіленген төлемді растайтын құжат ұсынылмаған кезде өтінішхат берілмеген болып есептеледі, ол туралы өтінім берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тиісті хабарлама жіберіледі.

      Тауар белгісіне өтінім бойынша сараптаманы жеделдетіп жүргізу өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде алдын ала сараптаманы жеделдетіп жүргізуді және өтінім берілген күннен бастап үш ай ішінде толық сараптаманы жеделдетіп жүргізуді қамтиды.

      Өтінімнің жеделдетілген сараптамасын есептеу мерзімі сараптаманың сұрау салуы бойынша өтініш берушіден қажетті мәліметтерді алғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Өтініш беруші Заңның 13-бабының 4), 5), 7) тармақшаларында көзделген құқықтарды пайдаланған жағдайда жеделдетілген алдын ала және толық сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Толық сараптама сатысында араласу дәрежесіне дейін сәйкестік пен ұқсастықты іздеу жеделдетілген түрде қаралатын өтінімдерді қоспағанда, Заңның 10-бабында белгіленген басымдықты белгілеу мерзімін ескере отырып басталады.

      Бідей және ұқсас болуға тексеріс жүргізгенде келесі әрекеттер жасалады:

      бірдей және айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас тауар таңбаларына және тіркеуге берілген өтінімдерге іздеу жүргізіледі;

      іздеу барысында берілген белгінің анықталған тауар таңбалары мен тіркеуге берілген белгілермен ұқсастық дәрежесі анықталады;

      берілген тауарлардың анықталған тауар таңбалары тіркелген немесе берілген белгілердің тауарларымен біртектесігі анықталады.";

      мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:

      "45-1. Егер жеделдетілген тәртіппен тіркеуге берілген мәлімделген белгі Заңның 6, 7-баптарында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, сараптама ұйымы мәлімделген барлық тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге қатысты тауар таңбасын тіркеу туралы шешім шығарады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 15 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2024 жылғы 8 ақпандағы
№ 112 Бұйрыққа
қосымша
Тауар белгілеріне, қызмет
көрсету белгілеріне,
географиялық нұсқамаларға
және тауар шығарылған
жерлердің атауларына арналған
өтінімдерге сараптама жүргізу
қағидаларына
5-қосымша

Тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне жедел сараптама жүргізу туралы өтінішхат

      Тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне мәлімделген белгіге жедел сараптама жүргізуді сұраймын

      ___________________________

      (жеделдетілген сараптама жүргізу үшін себептер мен негіздемелерді көрсету).

      Осы арқылы конвенциялық, көрме және (немесе) өзге де басымдық бойынша өтінім болған жағдайда тауар таңбасын тіркеудің ықтимал күшін жою туралы хабардар екенімді растаймын.

      Төлем жасалғанын растайтын құжат ұсынылады.

      Күні_________ ТАӘ______________

      Қолы_________

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 августа 2018 года № 1349 "Об утверждении Правил проведения экспертизы заявок на селекционные достижения, объекты промышленной собственности, товарные знаки, знаки обслуживания, географические указания, наименования мест происхождения товаров, о регистрации топологий интегральных микросхем"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 8 февраля 2024 года № 112. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 февраля 2024 года № 33986

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 августа 2018 года № 1349 "Об утверждении Правил проведения экспертизы заявок на селекционные достижения, объекты промышленной собственности, товарные знаки, знаки обслуживания, географические указания, наименования мест происхождения товаров, о регистрации топологий интегральных микросхем" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 17459) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах проведения экспертизы заявок на товарные знаки, знаки обслуживания, географические указания и наименования мест происхождения товаров, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Заявка подается через канцелярию экспертной организации, официальный сайт экспертной организации www.kazpatent.kz (далее – сайт экспертной организации) или веб-портал электронного правительства www.egov.kz. (далее – Портал).

      Заявка должна содержать:

      просьбу о проведении экспертизы обозначения с указанием заявителя, а также его местонахождения или местожительства;

      заявляемое обозначение;

      перечень товаров и (или) услуг в соответствии с МКТУ.

      К заявке прилагается:

      копия документа, подтверждающего оплату услуги за проведение экспертизы;

      копия доверенности в случае ведения делопроизводства через представителя;

      устав коллективного товарного знака (в случае подачи заявки на коллективный товарный знак), включающий наименование организации, уполномоченной зарегистрировать коллективный товарный знак на свое имя, цель регистрации этого знака, перечень субъектов, имеющих право на пользование этим знаком, перечень и единые качества или иные характеристики товаров и услуг, которые будут обозначаться коллективным товарным знаком, условия его использования, порядок контроля за его использованием, ответственность за нарушение положений устава коллективного товарного знака;

      ходатайство о проведении ускоренной экспертизы (при испрашивании).

      Заявка о регистрации товарного знака представляется по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам. Заявка на бумажном носителе подается в двух экземплярах.

      Ходатайство о проведении ускоренной экспертизы заявки подается заявителем при подаче заявки. Одновременно с ходатайством представляется документ, подтверждающий установленную оплату за рассмотрение заявки в ускоренном виде. При непредставлении документа, подтверждающего установленную оплату, ходатайство считается не поданным, о чем заявителю в течение пяти рабочих дней со дня подачи заявки направляется соответствующее уведомление.

      Ускоренное проведение экспертизы по заявке на товарный знак включает в себя ускоренное проведение предварительной экспертизы в течение десяти рабочих дней с даты подачи заявки и ускоренное проведение полной экспертизы в течение трех месяцев с даты подачи заявки.

      Срок исчисления ускоренной экспертизы заявки приостанавливается до получения необходимых сведений от заявителя по запросу экспертизы.

      В случае использования заявителем прав, предусмотренных подпунктами 4), 5), 7) статьи 13 Закона, сроки проведения ускоренной предварительной и полной экспертизы приостанавливаются.";

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. Поиск на тождество и сходство до степени смешения на стадии полной экспертизы начинается с учетом срока для установления приоритета, установленного статьей 10 Закона, за исключением заявок, рассматриваемых в ускоренном виде.

      При проверке на тождество и сходство осуществляются следующие действия:

      проводится поиск тождественных и сходных до степени смешения товарных знаков и заявленных на регистрацию обозначений;

      определяется степень сходства заявленного обозначения и выявленных при проведении поиска товарных знаков и заявленных на регистрацию обозначений;

      определяется однородность заявленных товаров товарам, в отношении которых зарегистрированы (заявлены) выявленные тождественные или сходные знаки и обозначения.";

      дополнить пунктом 45-1 следующего содержания:

      "45-1. Если заявленное обозначение, поданное на регистрацию в ускоренном порядке, не противоречит требованиям, установленным статьями 6, 7 Закона, экспертной организацией выносится решение о регистрации товарного знака в отношении всех заявленных товаров и (или) услуг.";

      дополнить приложением 5 согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 15 января 2024 года.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
А. Ескараев

  Приложение к приказу
Министр юстиции
Республики Казахстан
от 8 февраля 2024 года № 112
  Приложение 5
к Правилам проведения экспертизы
заявок на товарные знаки, знаки
обслуживания, географические
указания и наименования
мест происхождения товаров

Ходатайство
о проведении ускоренной экспертизы на товарный знак, знак обслуживания

      Прошу провести ускоренную экспертизу заявленного обозначения на товарный знак, знак обслуживания.

      _______________________________________________________________________
            (указание причин обоснований для проведения ускоренной экспертизы).

      Настоящим подтверждаю, что осведомлен (а) о возможном аннулировании регистрации товарного знака, в случае наличия заявки по конвенционному, выставочному и (или) иному приоритету.

      Документ, подтверждающий оплату прилагается.

      Дата_________       ФИО______________

      Подпись_________