ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17459 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдерге сараптама жүргізу қағидалары:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өтінім сараптама ұйымының кеңсесі, сараптама ұйымының ресми сайты www.kazpatent.kz (бұдан әрі – сараптама ұйымының сайты) немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы беріледі.
Өтінім:
Өтініш берушіні, сондай-ақ оның орналасқан немесе тұратын мекен-жайы көрсетілген сараптама жасау өтінішін;
берілетін белгі;
ТКҚХС-на сәйкес тауарлар және (немесе) қызметтер тізімін қамтуға тиіс.
Өтінімге:
сараптама жасау бойынша қызметі үшін төлемді растайтын құжат көшірмесі;
іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхаттың көшірмесі;
ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) қоса берілу тиiс.
жеделдетілген сараптама жүргізу туралы өтінішхат (сұраған кезде).
Өтінім осы Қағидаларға 1-қосымшаға тиісті түрде берілуі тиіс. Қағаз жүзіндегі өтінім екі данада беріледі.
Өтінімге жеделдетілген сараптама жүргізу туралы өтінішхатты өтінім беруші өтінім берген кезде береді. Өтінішхатпен бір мезгілде өтінімді жеделдетілген түрде қарау үшін белгіленген төлемді растайтын құжат ұсынылады. Белгіленген төлемді растайтын құжат ұсынылмаған кезде өтінішхат берілмеген болып есептеледі, ол туралы өтінім берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тиісті хабарлама жіберіледі.
Тауар белгісіне өтінім бойынша сараптаманы жеделдетіп жүргізу өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде алдын ала сараптаманы жеделдетіп жүргізуді және өтінім берілген күннен бастап үш ай ішінде толық сараптаманы жеделдетіп жүргізуді қамтиды.
Өтінімнің жеделдетілген сараптамасын есептеу мерзімі сараптаманың сұрау салуы бойынша өтініш берушіден қажетті мәліметтерді алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Өтініш беруші Заңның 13-бабының 4), 5), 7) тармақшаларында көзделген құқықтарды пайдаланған жағдайда жеделдетілген алдын ала және толық сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Толық сараптама сатысында араласу дәрежесіне дейін сәйкестік пен ұқсастықты іздеу жеделдетілген түрде қаралатын өтінімдерді қоспағанда, Заңның 10-бабында белгіленген басымдықты белгілеу мерзімін ескере отырып басталады.
Бідей және ұқсас болуға тексеріс жүргізгенде келесі әрекеттер жасалады:
бірдей және айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас тауар таңбаларына және тіркеуге берілген өтінімдерге іздеу жүргізіледі;
іздеу барысында берілген белгінің анықталған тауар таңбалары мен тіркеуге берілген белгілермен ұқсастық дәрежесі анықталады;
берілген тауарлардың анықталған тауар таңбалары тіркелген немесе берілген белгілердің тауарларымен біртектесігі анықталады.";
мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:
"45-1. Егер жеделдетілген тәртіппен тіркеуге берілген мәлімделген белгі Заңның 6, 7-баптарында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, сараптама ұйымы мәлімделген барлық тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге қатысты тауар таңбасын тіркеу туралы шешім шығарады.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 15 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
А. Ескараев |
Тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне жедел сараптама жүргізу туралы өтінішхат
Тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне мәлімделген белгіге жедел сараптама жүргізуді сұраймын
___________________________
(жеделдетілген сараптама жүргізу үшін себептер мен негіздемелерді көрсету).
Осы арқылы конвенциялық, көрме және (немесе) өзге де басымдық бойынша өтінім болған жағдайда тауар таңбасын тіркеудің ықтимал күшін жою туралы хабардар екенімді растаймын.
Төлем жасалғанын растайтын құжат ұсынылады.
Күні_________ ТАӘ______________
Қолы_________