БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өкімдердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 145 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімде № 16533 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 118-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 125-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 256-бабы 3-тармағына, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 Қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.";
көрсетілген бұйрыққа 1 және 2 қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Қазақстан Репсубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 16 ақпандағы № 84 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 145 бұйрығына 1-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің), кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі
20__жылғы "___"____________ № _________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН),
орналасқан орны)
_________________________________________________________ ұсынылды.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 118-бабына, "Қазақстан
Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің
(бұдан әрі – Кодекс) 125-бабына және 20__ жылғы "___" _________
№ ___ хабарламаға сәйкес
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)
Салық кодексінің 118-бабының 2-тармағында, Кодекстің 125-бабының 2-тармағында
көзделген операцияларды және ақшаны алып қою жағдайларын қоспағанда,
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе дара
кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі /бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН),
орналасқан орны)
__________________________________________________________________________
банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда)
____________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру коды) бойынша шығыс операциялары
(х-ті тиісті торкөзде көрсету керек):
☐
_______________________________________________ тенге* сомасы шегінде
(сомалары санмен және жазумен)
☐
барлық шығыс операциялары
__________________________________________________________________,
(тоқтатыла тұрудың себебі) тоқтатыла тұрсын.
Мөр орны
____________________________________________________________________
(мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Осы өкім 20___жылғы "__" ________ табыс етілді.
*Ескерту: мемлекеттік кірістер органы салық берешегі немесе кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі өтелмеген жағдайда көрсетеді.
Қазақстан Репсубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 16 ақпандағы № 84 бұйрығына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 145 бұйрығына 2-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік кірістер органының әлеуметтік төлемдерді төлейтін агенттің (әлеуметтік төлемдерді төлеушінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі
20 __ жылғы "___" ____________ № ________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), орналасқан орны)
_______________________________________________________________________
ұсынылды.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің, "Міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Міндетті
зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар
бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 Қаулысына сәйкес,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша
берешек сомасы туралы 20__ жылғы "___" _________ № ______ хабарламаның,
аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомасы туралы 20__ жылғы
"___" _________ № ______ хабарламаның, әлеуметтік аударымдар бойынша берешек
сомасы туралы 20__ жылғы "___" _________ № ______ хабарламаның орындалмауына
байланысты
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан
Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 118-бабының 2-тармағында көзделген
операцияларды және ақшаны алып қою жағдайларын қоспағанда,
_________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе дара
кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі
(ЖСН немесе БСН), орналасқан орны)
____________________________________________________________________
банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша
___________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру коды) барлық шығыс операциялары тоқтатыла тұрсын.
Мөр орны
____________________________________________________________________
(мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Осы өкім 20___жылғы "__" ________ табыс етілді.