"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 419 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 170 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 22 ақпанда № 34029 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 419 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15634 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан (бұдан әрі – ӘОО) шығарып жіберу тәртібін айқындайды.

      2. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (бұдан әрі – ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің әскери қызметшілерін ӘОО-дан шығарып жіберу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрліктері арасында жасалған келісімшарттың талаптарына сәйкес жүргізіледі.";

      3-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Білім алушыларды оқудан шығарып жіберу ӘОО бастығының бұйрығымен, ал Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен жүргізіледі.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Оқудан шығарып жіберу мәселелері бойынша барлық, оның ішінде оқуға жіберілген және шетелдік ӘОО-дан оқудан шығарылған (магистранттар мен докторанттарды қоспағанда), ғылыми кеңестің (бұдан әрі – ҒК) отырысында, ал әскери колледжде педагогикалық кеңестің отырысында (бұдан әрі – ПК) қарауға ұсынылған білім алушымен батальон командирі (факультет бастығы) ҒК (ПК) отырысына дейін үш жұмыс күні ішінде Заң талаптарын есіне салу мақсатында білім алушының оны оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу міндеттемесі туралы, мерзімді әскери қызмет өткеру туралы және білім алушының бір жыл ішінде ӘОО-ға оқуға қайта қабылдану құқығы туралы әңгімелесу жүргізеді, ол әңгімелесу парағы түрінде үш данада ресімделеді, оның екі данасы жеке іске тігіледі, үшінші данасы білім алушының қолына беріледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Үлгермеушілігі бойынша ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу білім беру сапасын бағалау (мониторингтеу) бөлімі бастығының баянаты бойынша жүргізіледі.

      Баянат ӘОО бастығының атына осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген қандай да бір себеп болған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.

      Баянатқа ағымдағы үлгерім ведомостары (емтихан ведомостары), оның ішінде білім алушының ұшқыш емес мамандықта оқуын жалғастырудан жазбаша бас тартуы қоса беріледі (ұшқыш мамандығының курсанттары үшін).";

      9 және 10-тармақтар алып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. ӘОО бастығы үш жұмыс күні ішінде персоналмен жұмыс бөлімшесіне тиісті материалдарды дайындауды тапсырады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. ӘОО бастығы үш жұмыс күні ішінде персоналмен жұмыс бөлімшесіне тиісті материалдарды дайындауды тапсырады.";

      23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. ӘОО бастығы үш жұмыс күні ішінде ҒК (ПК) хаттамасын бекітеді және персоналмен жұмыс бөлімшесіне тиісті материалдарды дайындауды тапсырады.";

      27-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ӘОО бастығы ӘОО-ға ӘДК қорытындысы түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде персоналмен жұмыс бөлімшесіне тиісті материалдарды дайындауды тапсырады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Денсаулық жағдайы бойынша ұшуға оқуға жарамсыз деп танылған ұшу мамандықтары бойынша білім алушыларды ӘОО-дан шығарып жіберу ДҰК-нің қорытындысы негізінде жүргізіледі.

      ӘОО бастығы ӘОО-ға ДҰК қорытындысы түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ұшуға оқуға жарамсыз білім алушыны ҒК отырысында қарау туралы шешім қабылдайды.";

      30-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. ҒК ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша білім алушыға ұшу жұмысымен байланысты емес басқа мамандыққа ауысуды ұсынады.

      Білім алушы келіскен жағдайда ҒК оны басқа мамандыққа ауыстыру туралы шешім қабылдайды, хаттаманы ресімдейді және ӘОО бастығына бекітуге ұсынады.";

      31-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. ӘОО бастығы үш жұмыс күні ішінде ҒК хаттамасын бекітеді және персоналмен жұмыс бөлімшесіне оқудан шығару туралы бұйрықты дайындауды тапсырады.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. ӘОО бастығы қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы ұсынылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде білім алушыға мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      Персоналмен жұмыс бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде:

      1) курсанттар (кадеттер) үшін – оқудан шығару туралы бұйрық шығарады және жеке ісін білім алушы келген ЖӘБО-ға жібереді;

      2) магистранттар мен докторанттар үшін – оқудан шығару туралы ұсынымды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадр органына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына қосу үшін жібереді.";

      8-тарау алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 419 "Об утверждении Правил отчисления из военных учебных заведений Министерства обороны Республики Казахстан"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 21 февраля 2024 года № 170. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 февраля 2024 года № 34029

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 419 "Об утверждении Правил отчисления из военных учебных заведений Министерства обороны Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15634) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 26-17) пункта 2 статьи 22 Закона Республики Казахстан "Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах отчисления из военных учебных заведений Министерства обороны Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      пункты 1 и 2 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила отчисления из военных учебных заведений Министерства обороны Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан "Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан", "О воинской службе и статусе военнослужащих" и определяют порядок отчисления из военных учебных заведений Министерства обороны Республики Казахстан (далее – ВУЗ).

      2. Отчисление военнослужащих государств-членов Организации Договора о коллективной безопасности (далее – ОДКБ) из ВУЗов производится в соответствии с условиями контрактов, заключенных между Министерством обороны Республики Казахстан и министерствами обороны государств-членов ОДКБ.";

      подпункт 7) пункта 3 исключить;

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Отчисление обучающихся проводится приказом начальника ВУЗа, а из Национального университета обороны Республики Казахстан приказом Министра обороны Республики Казахстан.";

      часть первую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Со всеми обучающимися, в том числе направленными на обучение и исключенными из иностранных ВУЗов (за исключением магистрантов и докторантов), представленными к рассмотрению на заседание ученого совета (далее – УС), а в военном колледже на заседание педагогического совета (далее – ПС), по вопросам отчисления, командир батальона (начальник факультета) в течении трех рабочих дней до заседания УС (ПС) проводит беседу с целью напоминания требований Закона об обязательствах обучающегося возместить государству бюджетные средства, затраченные на его обучение, о прохождении срочной воинской службы и о праве обучающегося восстановиться в ВУЗ в течение года, которая оформляется в виде листа беседы в трех экземплярах, два экземпляра из которых подшиваются в личные дела, третий экземпляр выдается на руки обучающегося.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Отчисление из ВУЗа по неуспеваемости проводится по рапорту начальника отдела оценки качества образования (мониторинга).

      Рапорт подается на начальника ВУЗа в течении трех рабочих дней с момента наступления какой-либо из причин, указанных в пункте 8 настоящих Правил.

      К рапорту прикладываются ведомости текущей успеваемости (экзаменационные ведомости), в том числе письменный отказ обучаемого от продолжения обучения на не летной специальности (для курсантов летных специальностей).";

      пункты 9 и 10 исключить;

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Начальник ВУЗа в течении трех рабочих дней поручает подразделению по работе с персоналом подготовку соответствующих материалов.";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Начальник ВУЗа в течении трех рабочих дней поручает подразделению по работе с персоналом подготовку соответствующих материалов.";

      часть первую пункта 23 изложить в следующей редакции:

      "23. Начальник ВУЗа в течении трех рабочих дней утверждает протокол УС (ПС) и поручает подразделению по работе с персоналом подготовку соответствующих материалов.";

      часть вторую пункта 27 изложить в следующей редакции:

      "Начальник ВУЗа в течении трех рабочих дней с момента поступления в ВУЗ заключения ВВК поручает подразделению по работе с персоналом подготовку соответствующих материалов.";

      пункт 28 изложить в следующей редакции:

      "28. Отчисление из ВУЗа обучающихся по летным специальностям признанных не годными к летному обучению по состоянию здоровья производится на основании заключения ВЛК.

      Начальник ВУЗа в течении трех рабочих дней с момента поступления в ВУЗ заключения ВЛК принимает решение о рассмотрении обучаемого, не годного к летному обучению, на заседании УС.";

      части первую и вторую пункта 30 изложить в следующей редакции:

      "30. УС по результатам рассмотрения представленных документов предлагает обучающемуся перевестись на другую специальность, не связанную с летной работой.

      В случае согласия обучающегося УС принимает решение о переводе его на другую специальность, оформляет протокол и представляет на утверждение начальнику ВУЗа.";

      часть первую пункта 31 изложить в следующей редакции:

      "31. Начальник ВУЗа в течении трех рабочих дней утверждает протокол УС и поручает подразделению по работе с персоналом подготовку приказа об отчислении.";

      пункт 33 изложить в следующей редакции:

      "33. Начальник ВУЗа в течении трех рабочих дней после предоставления заключения служебного расследования принимает решение о прекращении допуска обучаемого к государственным секретам.

      Подразделение по работе с персоналом в течение трех рабочих дней:

      1) для курсантов (кадетов) - издает приказ об отчислении и направляет личное дело в МОВУ, откуда прибыл обучающийся;

      2) для магистрантов и докторантов - направляет представление об отчислении в кадровый орган Министерства обороны Республики Казахстан для включения в приказ Министра обороны Республики Казахстан.";

      главу 8 исключить.

      2. Департаменту военного образования и науки Министерства обороны Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра обороны Республики Казахстан по воспитательной и идеологической работе.

      4. Настоящий приказ довести до заинтересованных должностных лиц и структурных подразделений.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
Р. Жаксылыков