ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 25.03.2024 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсаттары үшін өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 389-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29930 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсаттары үшін өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары;
2) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсаттары үшін өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесі бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, шикізаттық емес Экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуы тиіс өңдеуші өнеркәсіптің отандық жоғары технологиялық тауарларын, көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі және лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуы тиіс өңдеуші өнеркәсіптің отандық жоғары технологиялық тауарларын, көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі және лизингтік компаниялар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"9) сақтандыру шарты – кредитор/лизингтік компания (сақтанушы) және Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі арасында жасалатын тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметті сатып алу үшін қарызды/қаржылық лизингті (сақтандырушы) ерікті сақтандыру туралы екі жақты жазбаша келісім;
10) сақтандырушы – осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде қызметті жүзеге асыратын Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуы тиіс екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар өңдеуші өнеркәсіптің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға беретін кредиттер және олар жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялау) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында айқындалған міндеттерді іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуы тиіс өңдеуші өнеркәсіптің отандық жоғары технологиялық тауарларын, көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі және лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тәртібі";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Субсидиялау екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар сыртқы сауда қызметін реттейтін уәкілетті орган – бірінші басшының бұйрығымен бекітілетін, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуы тиіс тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алушыларға беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсаттары үшін өңдеуші өнеркәсіптің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне енгізілген өңдеуші өнеркәсіптің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларды қаржыландыратын кредиторлардың/лизингтік компаниялардың пайдасына жүзеге асырылады.";
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыға екінші деңгейдегі банк/Қазақстанның Даму Банкі/лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлға кредит/лизингтік мәміле бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау туралы мәселені төмендегі ақпаратқа сәйкес қаржы агентінің қарауына бастамашылық жасауыңызды сұраймын:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсаттары үшін өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсаттары үшін өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесі".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі