Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 3 ақпандағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19989 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 145-1-бабына және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссия – Агенттік қызметшісінің бос лауазымына конкурстан тыс орналасу жөнінде шешім қабылдайтын Агенттіктің алқалы органы;
2) Агенттік қызметшісінің бос лауазымына орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) – конкурстық комиссияның шешімі негізінде тестілеуге және әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылар;
3) Агенттіктің қызметкерлері – саяси мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, еңбекақысы республикалық бюджеттің қаражатынан жүргізілетін, Агенттікте лауазымдар атқаратын адамдар;
4) Агенттіктің қызметшілері – мемлекеттік қызметшілерге жатпайтын, Агенттікте мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адамдар;
5) ведомстволар – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таратылған ведомстволары ("Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 458 Жарлығымен таратылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 744 Жарлығымен таратылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті);
6) кадр қызметі – Агенттіктің қызметкерлермен жұмыс жүргізу бөлімшесі;
7) кадр резерві – Агенттік қызметшісінің бос лауазымына кейіннен орналасу үшін конкурстан немесе іріктеуден cәтті өткен адамдардың тізімі;
8) кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия – кадр резервін қалыптастыру мақсатында іріктеуді жүзеге асыратын Агенттіктің алқалы органы;
9) конкурс – Агенттік қызметшісінің бос лауазымына орналасу үшін өткізілетін рәсімдер;
10) конкурсқа қатысушылар – конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін Агенттікке құжаттарын тапсырған адамдар;
11) конкурстық комиссия – Агенттіктің алқалы органы, ол конкурсқа қатысушылар тапсырған құжаттарды қарайды, кандидаттармен әңгімелесу жүргізеді және Агенттік қызметшісінің бос лауазымына орналасуға кандидаттарды түпкілікті іріктеуді жүзеге асырады;
12) құжаттар – конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардың кадр қызметіне ұсынатын құжаттары;
13) талаптар – Агенттік бөлімшелер қызметінің негізгі бағыттарын, Агенттік қызметшілерінің лауазымдық өкілеттіктерін ескере отырып әзірлеген, Агенттік қызметшісінің лауазымын атқаруға үміткер адамдарға білімі, жұмыс тәжірибесі және құзыреттері бойынша қойылатын талаптар;
14) таратылған Агенттік – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі ("Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін әрі қарай жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 25 Жарлығымен таратылды);
15) Ұлттық Банк – Ұлттық Банктің орталық аппараты, филиалдары және өкілдігі;
16) Ұлттық Банктің еншілес ұйымдары – акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлғалар;
17) Ұлттық Банктің ұйымдары – Ұлттық Банктің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары;
18) іріктеу – Агенттік қызметшілерінің кадр резервін қалыптастыру мақсатында өткізілетін рәсімдер.";
5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) міндетті арнайы тексерудің оң нәтижелерін алмаған адамды тағайындауға болмайды.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Агенттік қызметшісі лауазымына орналасу міндетті арнайы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін және "Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 617 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17163 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша декларацияны мемлекеттік кірістер органдарына ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.";
7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Ұлттық Банкте, ведомстволарда немесе таратылған Агенттікте кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар Ұлттық Банктің, ведомстволардың немесе таратылған Агенттіктің бұрынғы қызметкерлері (еңбек шарты теріс жағдайлар бойынша бұзылған адамдарды қоспағанда);";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар кадр қызметіне мынадай құжаттарды қағаз тасымалдағышта және (немесе) электрондық-цифрлық нысанда ұсынады:
1) суреті бар түйіндеме (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын, телефон нөмірлерін, білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);
2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. Конкурсқа қатысушы Агенттік қызметшісінің үштен артық емес бос лауазымына өтініш беруге құқылы;
3) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері (еңбек шарттарын бірыңғай есепке алу жүйесінде ақпарат болмаған жағдайда).
Шет мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған жағдайда білім туралы құжатты Қазақстан Республикасының аумағында тану туралы куәліктің көшірмесі қоса беріледі. Бұл талап "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері – Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарға қолданылмайды;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек шарттарын бірыңғай есепке алу жүйесінде ақпарат болмаған жағдайда).";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар Қағидалардың 12-тармағының 4) тармақшасында белгіленген құжаттарды қабылдау мерзімінен кешіктірмей ұсынған құжаттар қарау үшін қабылданады.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Агенттіктің қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.";
2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Адам капиталын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын өзім бақылаймын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
Нысан
САУАЛНАМА (өз қолымен толтырылады)
Тегі _________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты_________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты өзгертілген болса, себебін және қашан өзгертілгенін көрсетіңіз __
___________________________________________________________________
Азаматтығы__________________________________________________________
Егер азаматтық өзгертілсе, қашан өзгертілгенін көрсетіңіз___________________
___________________________________________________________________
ЖСН_______________________________________________________________
Сотталдыңыз ба, қашан және не үшін___________________________________
___________________________________________________________________
Шетелде оқу не жұмыс істеу
Барған елі__________________________________________________________
___________________________________________________________________
Болу уақыты________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жұмыс немесе оқу орны _____________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Сіз соттың күшіне енгізілген үкіміне сәйкес тиісті лауазымға орналасу немесе тиісті
қызметпен айналысу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін
_______________________________________________
___________________________________________________________________
Сіз белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік органда лауазымға орналасу құқығынан
айырылдыңыз ба, қашан және не үшін ____
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Сіз белгіленген мерзім ішінде қаржы ұйымдарында лауазымға орналасу құқығынан
айырылдыңыз ба, қашан және не
үшін___________________________________________________________
_________________________________________________________________
Сіз Агенттіктің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлерімен
жақын туыстық немесе жекжаттық (ата-ана, ерлі-зайыпты, аға-інілері, апа-сіңлілері,
балалары, сондай-ақ ерлі зайыптылардың аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары және
балалары) қатынастарда барсыз ба ____________________________________________
_________________________________________________________________
20___ жылғы "_____" ______ _______________
(қолы)