Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 205) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарының тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғамды коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы соты
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2024 жылғы 11 наурыздағы № 93-НҚ Бұйрығымен бекітілген |
Тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарын аккредиттеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 205) тармақшасына сәйкес әзірленді және тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникация арналарын аккредиттеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтар мен заңды тұлғалардың коммуникацияларын дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтар мен заңды тұлғалардың коммуникацияларын дамыту саласында басшылықты және ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) аккредиттеу – уәкілетті органның коммуникациялар арнасын осы Қағидаларда көзделген тәртіппен халықпен мемлекеттік органдардың коммуникациялар арналарының тізіліміне енгізу рәсімі;
3) мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арнасы (бұдан әрі - коммуникациялар арнасы) – мемлекеттік орган халықпен өзара іс қимыл жасайтын тәсіл немесе құрал;
4) Мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарының тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен аккредиттелген коммуникациялар арналары туралы мәліметтерді қамтитын деректер тізілімі;
5) өтініш беруші – коммуникациялар арнасының жұмыс істеуіне жауапты орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың);
7) электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі – ЭҚЖ) - қатысушылар арасындағы қатынастар "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттармен алмасу жүйесі.
2-тарау. Коммуникация арналарын аккредиттеу тәртібі
3. Өтініш беруші осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуникациялар арнасын аккредиттеу үшін өтінімді уәкілетті органға ЭҚЖ арқылы жібереді.
4. Уәкілетті орган өтінімді қарау кезінде жиынтығында мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алады:
1) қолданыстағы коммуникация арналарының функционалымен қайталанудың болмауы;
2) коммуникациялар арнасының жұмыс тәртібінің регламенттелуі;
3) коммуникациялар арнасының жұмысынан күтілетін нәтижелер мен тиімділігі.
5. Коммуникациялар арнасын аккредиттеуге арналған өтінім осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда және осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген өлшемшарттар негізінде уәкілетті орган өтінім келіп түскен күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) Тізілімге енгізе отырып, коммуникациялар арнасын аккредиттеу;
2) коммуникациялар арнасын аккредиттеуден бас тарту.
6. Өтінімді қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЭҚЖ арқылы өтінім берушіні аккредиттеуден өткені және коммуникациялар арнасын Тізілімге енгізгені туралы не аккредиттеуден бас тартқаны туралы хабардар етеді.
3-тарау. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі
7. Тізілімді қалыптастырудың мақсаты аккредиттелген коммуникация арналарын есепке алу болып табылады.
8. Тізілім электрондық түрде уәкілетті органның интернет-ресурсында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде қалыптастырылады.
9. Тізілімді жүргізу деп түсініледі:
1) аккредиттеуден өту нәтижелері бойынша коммуникациялар арналары туралы мәліметтерді енгізу;
2) өтініш берушілер ұсынған мәліметтер өзгерген және (немесе) толықтырылған кезде Тізілімді өзектендіру;
3) коммуникациялар арнасын Тізілімнен шығару туралы мәліметтерді енгізу.
10. Тізілімде коммуникациялар арнасы туралы келесі мәліметтер көзделеді:
1) коммуникациялар арнасының атауы;
2) қолданысында коммуникациялар арнасы бар орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органның атауы;
3) коммуникациялар арнасының Тізілімге енгізілген күні;
4) коммуникациялар арнасы бойынша енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы мәліметтер;
5) коммуникациялар арнасын алып тастау туралы мәліметтер.
11. Тізілім мәліметтерін өзектендіру үшін өтініш беруші уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭҚЖ арқылы өтінім жібереді.
12. Коммуникациялар арнасының жұмысы тоқтатылған кезде өтініш беруші уәкілетті органды ЭҚЖ арқылы еркін нысанда хабардар етеді.
13. Осы Қағидалардың 11, 12-тармақтарында көзделген коммуникациялар арнасының жұмысын тоқтату туралы ақпаратты, сондай-ақ коммуникациялар арнасы бойынша деректердің өзгеруі және (немесе) толықтырылуы туралы мәліметтерді уәкілетті орган олар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тізілімге енгізеді.
Тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарын аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша Нысаны |
Коммуникациялар арнасын аккредиттеу үшін өтінім
ұсынылады
__________________________________________________________
(алушы уәкілетті органының атауы)
кімнен
_____________________________________________________________________
(жіберуші уәкілетті органының атауы)
Аккредиттеуді өткізуіңізді сұраймын:
____________________________________________________________________
(коммуникациялар арнасының атауы)
Коммуникациялар арнасын аккредиттеу және мемлекеттік органдардың халықпен
коммуникациялар арналарының тізіліміне енгізу үшін қажетті мынадай мәліметтерді
қоса беремін:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті
Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және (немесе)Қазақстан
Республикасы Үкіметінің коммуникациялар арнасын құру мәселесі жөніндегі
тапсырмасы (болған жағдайда):
____________________________________________________________________
2) коммуникациялар арнасының жұмыс тәртібін регламенттейтін нормативтік
құқықтық акт және (немесе) құжат (болған жағдайда):
____________________________________________________________________
3) коммуникациялар арнасының функционалдық мақсаты:
____________________________________________________________________
4) коммуникациялар арнасын пайдаланушыларды қамту (республикалық, өңірлік):
____________________________________________________________________
5) коммуникациялар арнасы арқылы халықпен өзара іс-қимылдың форматы (онлайн,
офлайн, гибрид):
____________________________________________________________________
6) коммуникациялар арнасының жұмысы үшін қажетті инфрақұрылым, кадр және
қаржы ресурстары туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
7) коммуникациялар арнасының қажеттілігінің негіздемесі, оның ішінде халықаралық
тәжірибе, Халықаралық ұйымдардың ұсынымдары, жүргізілген сауалнама нәтижелері
(болған жағдайда):
____________________________________________________________________
Өтініш беруші ұсынуы қажет деп санайтын өзге де ақпарат:
____________________________________________________________________
Өтінімге қоса беріледі:
1)______________________________________________________________
2) _____________________________________________________________
____________________ "____" ____________ 20 __ жыл
(мемлекеттік органның бірінші
басшысы орынбасарының қолы)
(ЭЦҚ)
Тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарын аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша Нысаны |
Мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарының тізілімі
№ | Коммуникация арнасының атауы | Қолданысында коммуникация арнасы бар орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның атауы | Коммуникациялар арнасының Тізілімге енгізілген күні | Коммуникациялар арнасы бойынша енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы мәліметтер | Коммуникациялар арнасын алып тастау туралы мәліметтер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарын аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша Нысаны |
Мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарының тізіліміне
өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтінім
ұсынылады _______________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
кімнен ____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Өзгерістер (толықтырулар) енгізілетін Тізілім жазбасының атауы мен мазмұны:
____________________________________________________________________
Жаңа редакциядағы Тізілім жазбасының атауы мен мазмұны:
____________________________________________________________________
Мәлімделген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың негіздемесі:
____________________________________________________________________
Өтінімге қоса беріледі:
1)______________________________________________________________
2)______________________________________________________________
____________________ "____" _______ 20 __ жыл
(мемлекеттік органның бірінші
басшысы орынбасарының қолы)
(ЭЦҚ)