"Басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 192 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 14 наурыздағы № 117 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 18 наурызда № 34156 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 192 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17067 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 46-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 46-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау тәртібін айқындайды.

      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған жаңадан жасалатын және бұрын жасалған келісімшарттарда мемлекеттің Қазақстан Республикасы заңдарының немесе шарттың негізінде басым құқықтарға ие тұлғаларды және ұйымдарды қоса алғанда, кез келген тұлғалар мен ұйымдар алдында стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдаланудың иеліктен шығарылатын құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, сондай-ақ ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығарылатын, стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға арналған басым құқығы болады.";

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Құзыретті орган стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдаланудың иеліктен шығарылатын құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, сондай-ақ ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығарылатын, стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға рұқсат беру туралы өтініш (бұдан әрі – Өтініш) келіп түскен күннен бастан 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға алдын ала мүдделілігі немесе мүдделілігінің болмауы туралы қорытынды (еркін нысандағы) дайындау үшін сұрау салу жібереді.

      Өтініш Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 214 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20776 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес беріледі.";

      8, 9, 10 және 11-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық компания сұрау салуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға алдын ала мүдделілігі немесе мүдделілігінің болмауы туралы қорытындыны құзыретті органға жібереді.

      9. Жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға мүдделiлiктің болмауы туралы қорытынды берiлсе немесе осы Қағидалардың 7-тармағында белгiленген мерзiмде қорытынды берілмеген жағдайда, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетiлген өтiнiш Кодекстiң 44 және 45-баптарында белгiленген тәртiппен қаралады.

      10. Алдын ала мүдделілік болған жағдайда, ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық компания сұрау келіп түскен күннен бастап 1 (бір) ай ішінде құзыретті органға иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы қорытынды береді.

      11. Құзыретті орган ұлттық басқарушы холдингтен немесе ұлттық компаниядан иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы қорытынды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттің басым құқығын іске асыруы туралы шешім қабылдайды.

      Алдын ала мүдделілік болған жағдайда құзыретті орган мемлекеттің басым құқығын іске асыру туралы шешім қабылдау үшін өтініш берушіден қосымша мәліметтер мен материалдар сұратуы мүмкін.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің міндетін атқарушы
А. Хасенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 18 мая 2018 года № 192 "Об утверждении Правил рассмотрения вопроса о реализации приоритетного права и принятия по нему решения"

Приказ и.о. Министра энергетики Республики Казахстан от 14 марта 2024 года № 117. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 марта 2024 года № 34156

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 18 мая 2018 года № 192 "Об утверждении Правил рассмотрения вопроса о реализации приоритетного права и принятия по нему решения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 17067) следующие изменения:

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии с пунктом 2 статьи 46 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах рассмотрения вопроса о реализации приоритетного права и принятия по нему решения, утвержденных указанным приказом:

      пункты 1 и 2 изложить в новой редакции:

      "1. Настоящие Правила рассмотрения вопроса о реализации приоритетного права и принятия по нему решения (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 46 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" (далее – Кодекс) и определяют порядок рассмотрения вопроса о реализации приоритетного права и принятия по нему решения.

      2. Во вновь заключаемых и ранее заключенных контрактах на недропользование государство имеет приоритетное право перед любыми лицами и организациями, включая лиц и организации, которые обладают преимущественными правами на основании законов Республики Казахстан или договора на приобретение отчуждаемого права недропользования (доли в праве недропользования) и (или) объектов, связанных с правом недропользования, по стратегическому участку недр, а также выпускаемых в обращение на организованном рынке ценных бумаг акций и других ценных бумаг, являющихся объектами, связанными с правом недропользования по стратегическому участку недр.";

      пункт 4 изложить в новой редакции:

      "4. Компетентный орган в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня поступления заявления на выдачу разрешения на отчуждение права недропользования (доли в праве недропользования) и (или) объектов, связанных с правом недропользования, по стратегическому участку недр, а также выпускаемых в обращение на организованном рынке ценных бумаг акций и других ценных бумаг, являющихся объектами, связанными с правом недропользования, по стратегическому участку недр (далее - Заявление), направляет запрос в национальный управляющий холдинг или национальную компанию для подготовки заключения (в произвольной форме) о предварительной заинтересованности либо отсутствии заинтересованности в приобретении права недропользования (доли в праве недропользования) и (или) объектов, связанных с правом недропользования.

      Заявление подается в соответствии с приложениями 2 и 3 Правил оказания государственных услуг Министерства энергетики Республики Казахстан "Переход права недропользования и (или) объектов, связанных с правом Недропользования, утвержденных приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 214 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20776).";

      пункты 8, 9, 10 и 11 изложить в новой редакции:

      "8. Национальный управляющий холдинг или национальная компания в течение 10 (десяти) рабочих дней с момента получения запроса направляет в компетентный орган заключение о предварительной заинтересованности либо отсутствии заинтересованности в приобретении права недропользования (доли в праве недропользования) и (или) объектов, связанных с правом недропользования.

      9. В случае представления заключения об отсутствии заинтересованности в приобретении права недропользования (доли в праве недропользования) и (или) объектов, связанных с правом недропользования, либо не представления заключения в срок, установленный в пункте 7 настоящих Правил, заявление, указанное в пункте 4 настоящих Правил, рассматривается в порядке, установленном статьями 44 и 45 Кодекса.

      10. В случае предварительной заинтересованности национальный управляющий холдинг или национальная компания в течение 1 (одного) месяца со дня поступления запроса предоставляет в компетентный орган заключение о приобретении (отказе от приобретения) отчуждаемого права недропользования (доли в праве недропользования) и (или) объектов, связанных с правом недропользования.

      11. Компетентный орган в течение 10 (десяти) рабочих дней с момента получения заключения о приобретении (отказе от приобретения) отчуждаемого права недропользовании (доли в праве недропользования) и (или) объектов, связанных с правом недропользования, от национального управляющего холдинга или национальной компании принимает решение о реализации государством приоритетного права.

      В случае предварительной заинтересованности компетентный орган может запрашивать от заявителя дополнительные сведения и материалы, необходимые для принятия решения о реализации государством приоритетного права.".

      2. Департаменту недропользования Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра энергетики
Республики Казахстан
А. Хасенов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности
и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан