ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Террористік тұрғыдан осал қорғаныс өнеркәсібі объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 315 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32437 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Террористік тұрғыдан осал қорғаныс өнеркәсібі объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарында:
3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) күзетілетін объектілер – күзетілетін адамдардың болуына арналған ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін өзге де ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен акватория;";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Террористік тұрғыдан осал әрбір объектіге оның электрондық нұсқасын әзірлей отырып, екі данада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) терроризмге қарсы қорғалудың үлгілік паспортына сәйкес объектінің терроризмге қарсы қорғалуының паспорты (бұдан әрі – Паспорт) жасалады.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
К. Шарлапаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі