БҰЙЫРАМЫН:
1. "Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 16 мамырдағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32553 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспортты қолдау бойынша кепілдік шартының талаптарына сәйкес Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі алдындағы оның сақтандыру және кепілдік төлемдері бойынша берешегін толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі;
2) салалық қорытынды – сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның Қазақстанның тиісті Экспорттық-кредиттік агенттігінің экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру саласын дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан қорытындысы;
3) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Уәкілетті орган жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы ұсыныс береді.
Уәкілетті органның ұсынысына өзіне берілген оң салалық қорытындысы және Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің мынадай құжаттары:
1) құрылтай құжаттарының көшірмелері, сондай-ақ Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің мәртебесін растайтын құжаттар;
2) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің соңғы үш жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі;
3) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің даму жоспары;
4) рейтингтік есеп қоса беріледі.";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігіне экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік берудің және жетекшілік ететін сала мен экономиканың аралас салаларындағы (аяларындағы) болжамды әсердің негізділігін (негізгі қатысушылар, олардың өзара іс-қимыл схемасы, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты пайдалану және қайтару схемасы);";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жүзеге асыратын қызметтің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының мақсаттарына, оның ішінде тиісті салада қызметтерді көрсету қажеттіліктеріне, сондай-ақ экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беруден болатын болжамды түпкілікті нәтижеге сәйкестігін, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік берудің Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларына не актілеріне сәйкестігін;".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Н. Байбазаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі