БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
К. Шарлапаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 26 наурыздағы № 109 Бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14188 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру тәртібін айқындайды;
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушы (бұдан әрі – құрылыс салушы) – өзінің меншікті және (немесе) уәкілетті компанияның жарғылық капиталына қатысу арқылы тартылған ақша есебінен, көппәтерлі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) уәкілетті компания – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы құрылыс салушыға тиесілі, көппәтерлі тұрғын үйдің үлестік құрылысын және көппәтерлі тұрғын үйдегі үлестерді іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтардағы қызметті қоспағанда, қандай да бір өзге коммерциялық қызметпен айналыспайтын заңды тұлға;
3) үлескер – көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті алу мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда) немесе заңды тұлға.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін кызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен ("жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде") тиесілі жер учаскесіне акті;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мерзімі, нысаны, нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде жазылған.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен ұсынылған құжаттар тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту дайындап, портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарымен қоса өтінішті қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ресімдейді, қол қояды және оны не осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында не қағаз жеткізгіште оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту жіберіледі.".
3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";
1, 2 және 3-қосымшалар осы тізбеге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын";
2. "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 10-14) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-2-бабының 10-14) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұрғын үй сертификаттарын беру мен "Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама (бұдан әрі – ипотекалық бағдарлама) және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – тұрғын үй құрылысы бағдарламасы) шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік көмек немесе бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаттарын ұсынады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік қызметті осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – әкімші) көрсетеді.
Тәсілдері, мерзімдері, нысаны, нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын талаптарда (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) жазылған.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағымен айқындалған.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші Әкімшінің кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Әкімші немесе Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері берген жағдайда, оларды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Әкімші немесе Мемлекеттік корпорация қабылдау кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда өтініш берушіге қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Әкімші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Әкімші арқылы жүгінген жағдайда қызметкер:
1) өтініш берушіден Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен және тіркелген күні олардың толықтығын, дұрыстығын және өтініш беруші мәртебесінің тізбеге сәйкестігін тексереді;
2) 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түрін, сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы қабылданған шешімді немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша уәжді бас тартуды жібереді.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтініш берушіден Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен және тіркелген күні олардың толықтығын, дұрыстығын, өтініш беруші мәртебесінің тізбеге сәйкестігін тексереді және оларды Әкімшіге жібереді.
Әкімші Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берушінің құжаттарын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы түрін, сомасын көрсете отырып тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы қабылданған шешімді немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша уәжді бас тартуды жібереді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында не қағаз жеткізгіште оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту жіберіледі.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Ипотекалық бағдарлама немесе тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін берілген тұрғын үй сертификаты, Астана және Алматы қалаларының қала маңы аймақтарында тұрғын үй сатып алу жағдайларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органның тиісті аумақтық бірлігі шегінде қолданылады.
Ипотекалық бағдарлама немесе тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алу кезінде өтініш берушінің ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын бір реттен артық алуына жол берілмейді.";
1 және 4-қосымшалар осы тізбеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын";
3. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 19.07.2024 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), құжат деректемелері, жеке басын
куәландыратын құжат, байланыс телефоны, жеке тұлға-өтініш берушінің мекенжайы)
_________________________________________________________________
(нотариалды немесе өтініш берушінің осы өтінішті заңды тұлғаның атынан беруге
өкілеттігін куәландыратын өзгедей растаушы құжатқа сілтеме)
_________________________________________________________________
(өтініш берушінің жұмыс орыны және атқаратын лауазымы, тұрғылықты жері, заңды
мекенжайы) ___________ алаңы бар, _______ қабатты,
_________________________________________________________________
(жер учаскесінің орналасқан жері, кадастрлық нөмері)
орналасқан көппәтерлі тұрғын үй салуға үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беруді сұраймыз
Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес нысанды пайдалануға беру мерзімі 20__ жылғы "___" ___.
Осы өтінішті беруші заңды тұлғаның өтініш берушілері мен бірінші басшылары өтінішке қоса тіркелген құжаттардың растығы, сондай-ақ осы өтінішті қарауға байланысты сұралатын ақпаратты жергілікті атқарушы органға уақытылы ұсынылуы үшін толық жауаптылықта болады.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, осы өтінішті қарау және тиісті шешімдер қабылдау үшін қажетті дербес деректерімді және ақпаратты жинауға және өңдеуге келісемін.
Қосымша (жолданатын құжаттардың аты-жөні көрсетілген тізбесін, олардың әрбірі бойынша даналары мен парақтарының санын көрсету):
_____________________________________________________________
(Құрылыс салушының қолы, күні)
________________________________________
(Уәкілетті компанияның қолы, күні)
Тізбеге 2-қосымша |
|
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру және "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 8 (сегіз) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа күндері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырады; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Тыныс-тіршілігін шектейтін кемістіктерден ағзасының функциялары тұрақты ауытқып тұратын, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет болған жағдайда құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен оның тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
Тізбеге 3-қосымша |
|
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру және "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
_____________________________________________________________
__________________________________________________________________
(құрылыс салушы мен уәкілетті компанияның толық атауы)
____________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №__ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) ____________________________________ Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға және (немесе) олардың қолданылу мерзімінің өтіп кетуіне байланысты Сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарыңызды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Ұсынылмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:
1) __________________________________________________________;
2) __________________________________________________________;
3) __________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
__________________________________________ _______________
Орындаушы (Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда) _(Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері)---- (қолы)
Орындаушы. (Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда)
________
Телефон __________
Алдым: _______________________________ _____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 __ жылғы "__" _________
Тізбеге 4-қосымша |
|
Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларына 1-қосымша |
"Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 8 (сегіз) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация мен ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа күні Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырады; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Ағзасының функцияларының тұрақты бұзылуынан оның тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
______________________________________________________________ (органның атауы)
__________________________________________________________________,
келіп түскен өтініш пен ұсынылған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларына сәйкес
және _____________________________________________________________
(жергілікті өкілді орган бекіткен құжаттың атауын, нөмірін және күнін көрсету) _______
сәйкес ____________________________________________________
(сомасы цифрмен және жазбаша)
_____________________ (_________________________________________________)
теңге сомасына әлеуметтік көмек / бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау ретінде (керегінің асты сызылсын) тұрғын үй сертификатын берідің мақұлданғанын хабарлайды.
Әлеуметтік қолдау қаражатын ақшалай нысанда төлеуді
_______________________________________________________________________
(сенім білдірілген агенттің атауы)
________________ жүзеге асыратын болады.
Ипотекалық бағдарлама немесе тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін берілген тұрғын үй сертификаты, Астана және Алматы қалаларының қала маңы аймақтарында тұрғын үй сатып алу жағдайларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органның тиісті аумақтық бірлігі шегінде қолданылады.
Ипотекалық бағдарлама немесе тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алу кезінде өтініш берушінің ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын бір реттен артық алуына жол берілмейді.
Лауазымы Аты-жөні
Тізбеге 6-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 19.07.2024 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.