Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 172 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 сәуірде № 34214 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексі (Салық кодексі) 227-1-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, цифрлық активтердің құнын жариялау тәртібі туралы қағидалары;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 29 наурыздағы
№ 172 Бұйрыққа
1-қосымша

Цифрлық активтердің құнын айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидалар 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Цифрлық активтердің құнын айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 227-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      ақпарат көздерінен алынған баға – ресми танылған ақпарат көздерінен, биржалық белгіленімдер туралы деректерден, уәкілетті органдардан, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерінен алынған баға;

      цифрлық актив – цифрлық код беріліп, оның ішінде криптография және компьютерлік есептеу құралдары қолданыла отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, деректердің таратылған платформасы технологиясының негізінде тіркелген және ақпараттың өзгермейтіндігімен қамтамасыз етілген мүлік;

      цифрлық активтер биржасы – цифрлық активтердің сауда-саттығын, шығарылуын, айналысын және сақталуын ұйымдастырушылық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын цифрлық платформа;

      цифрлық майнингтік пул – Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген, цифрлық майнерлердің цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенінің қуаттарын біріктіру қызметін ұсынатын, цифрлық майнерлердің бірлескен қызметінің нәтижесінде алынған цифрлық активтерді олардың арасында бөлуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      CoinMarketCup – нақты уақыты режимінде цифрлық активтердің құны, цифрлық активтерді капитализациялау туралы нарықтық деректер және цифрлық активтерді өткізу көлемі жарияланатын крипто-сайт.

2-тарау. Цифрлық активтердің құнын айқындау, жариялау тәртібі

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) цифрлық активтердің құнын айқындау үшін CoinMarketCup интернет-желісінде жарияланған ақпаратты қолданылады.

      Цифрлық активтердің құнын Комитет күн сайын CoinMarketCup цифрлық активтер бойынша сауда-саттық жүргізетін жұмыс күні айқындалады.

      Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесінде (бұдан әрі - Тізбе) көрсетілген цифрлық активтердің құны үшін Комитетпен СoinMarketCup тәулік қорытындысы бойыша қалыптасқан цифрлық активтердің орташа өлшенген құнын алынады.

      Жұмыс емес күндері жұмыс емес күннің алдындағы жұмыс күні айқындалған цифрлық активтердің құны қолданылады.

      4. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаның, цифрлық майнинг пулының, цифрлық активтер биржасының кірісін айқындау мақсатында цифрлық активтердің құны цифрлық актив алынған күнге айқындалады.

      5. Белгілі бір шетел валютасына тіркелген құны бар цифрлық активтер оларды алған күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен айқындалған бағамын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеледі.

      6. Комитет Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңымен бекітілген тәртіппен интернет-желісі бар жеке және заңды тұлғамен цифрлық активтердің құны туралы мәліметтерді интернет-желісінде жариялауға салықтық әкімшілендіру үшін ақпараттық сервиске қолжетімділікті ұсыну бойынша қызмет көрсету туралы мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) жасайды.

      7. Комитет өзінің ресми интернет-желісінде Шарт жасаған тұлға туралы және оның интернет-желісіне сілтемені жариялайды.

      8. Шарт жасаған тұлға ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей өзіне тиесілі интернет-желісінде Тізбеге сәйкес цифрлық активтердің құнын жариялайды.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 29 наурыздағы
№ 172 Бұйрыққа
2-қосымша

Құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесі

Цифрлық активтердің аты

Қысқаша аты

1

Bitcoin

BTC

2

BitcoinCash

BCH

3

Dash

DASH

4

Dogecoin

Doge

5

EthereumClassic

ETC

6

Horrizen

ZEN

7

Litecoin

LTC

8

Monero

XMR

9

Siacoin

SC

10

Thronix

TRX

11

Zcash

ZEC

      Ескертпе: Құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен цифрлық майнинг пулының өтініші негізінде толықтырылады.

Об утверждении Правил определения, опубликования стоимости цифровых активов и перечня их видов

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 марта 2024 года № 172. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 апреля 2024 года № 34214.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 227-1 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Правила определения, опубликования стоимости цифровых активов согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) перечень видов цифровых активов, стоимость которых подлежит публикации согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан предоставление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
М. Такиев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового развития, инновации
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министр финансов
Республики Казахстан
от 29 марта 2024 года № 172

Правила определения, опубликования стоимости цифровых активов

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения, опубликования стоимости цифровых активов (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 227-1 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и определяют порядок определения, опубликования стоимости цифровых активов.

      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      цена из источников информации - цена, полученная из официально признанных источников информации, данных о биржевых котировках от других источников информации;

      цифровой актив – имущество, созданное в электронно-цифровой форме с присвоением цифрового кода, в том числе с применением средств криптографии и компьютерных вычислений, зарегистрированное и обеспеченное неизменностью информации на основе технологии распределенной платформы данных;

      биржа цифровых активов – цифровая платформа, осуществляющая организационное и техническое обеспечение торгов, выпуска, обращения и хранения цифровых активов;

      цифровой майнинговый пул – юридическое лицо, аккредитованное в соответствии с законодательством Республики Казахстан о цифровых активах, предоставляющее услугу объединения мощностей аппаратно-программного комплекса для цифрового майнинга цифровых майнеров, осуществляющее распределение между цифровыми майнерами цифровых активов, полученных в результате их совместной деятельности;

      CoinMarketCup – крипто-сайт, на котором в режиме реального времени публикуются стоимость цифровых активов, рыночные данные о капитализации цифровых активов и объем реализации цифровых активов.

Глава 2. Порядок определения, опубликования стоимости цифровых активов

      3. Для определения стоимости цифровых активов Комитетом государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (далее – Комитет) используется информация, размещенная на интернет-ресурсе CoinMarketCup.

      Стоимость цифровых активов определяется Комитетом ежедневно в рабочий день, в который CoinMarketCup проводит торги по цифровым активам.

      За стоимость цифровых активов, указанных в перечне видов цифровых активов, стоимость которых подлежит публикации, согласно приложению 2 к настоящему приказу (далее - Перечень) Комитетом берется средневзвешенная стоимость цифровых активов, сложившихся по итогам суток на CoinMarketCup.

      В нерабочие дни применяется стоимость цифровых активов, определенная в рабочий день, предшествующий нерабочему дню.

      4. Стоимость цифровых активов в целях определения дохода лица от деятельности по цифровому майнингу, цифрового майнингового пула и биржи цифровых активов определяется на дату получения цифровых активов.

      5. Цифровые активы, имеющие фиксированную стоимость в иностранной валюте, конвертируются в национальную валюту Республики Казахстан с применением курса обмена валюты, определенного Национальным Банком Республики Казахстан на дату получения цифровых активов.

      6. Комитет в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О государственных закупках" заключает договор о государственных закупках услуг по представлению доступа к информационному сервису для налогового администрирования (далее – Договор) с физическим или юридическим лицом, имеющим интернет-ресурс для публикации сведений о стоимости цифровых активов.

      7. Комитет на своем официальном интернет-ресурсе (kgd.gov.kz) публикует сведения о лице, заключившим Договор и ссылку на его интернет-ресурс.

      8. Лицо, заключившее Договор ежемесячно в срок не позднее 25 числа месяца, следующего за отчетным месяцем, публикует на принадлежащем ему интернет-ресурсе стоимость цифровых активов, согласно Перечню.

  Приложение 2 к приказу
Министр финансов
Республики Казахстан
от 29 марта 2024 года № 172

Перечень видов цифровых активов, стоимость которых подлежит публикации

Наименование цифровых активов

Сокращенное наименование

1

Bitcoin

BTC

2

BitcoinCash

BCH

3

Dash

DASH

4

Dogecoin

Doge

5

EthereumClassic

ETC

6

Horrizen

ZEN

7

Litecoin

LTC

8

Monero

XMR

9

Siacoin

SC

10

Thronix

TRX

11

Zcash

ZEC

      Примечание: Перечень видов цифровых активов, по которым стоимость подлежит публикации, дополняется Комитетом государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан на основании обращения цифрового майнингового пула.